Навигация

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Қош келдіңіздер!

Құрметті қонақтар,
Ақсу аудандық мәслихатының Ресми сайтына қош келдіңіз
 
Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық.

Ақсу аудандық мәслихаты биліктің өкілді органдарының қызметі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді деп сенемін. Билік өкілдері ашық және азаматтар үшін қол жетімді болуы керек.
Сайт халықты барынша толық ақпараттандыру және депутаттармен интерактивті сұхбаттасуы үшін құрылып отыр.
Сіз тек аудандық мәслихатта болып жатқан оқиғалардан хабардар болып қана қоймай, сонымен қатар өз пікіріңізді, өзіңізді толғандыратын мәселе бойынша ұсынысты жеткізе аласыз, депутаттардың қызметіне баға беріп, сауал қоя аласыз.
Сіздердің пікірлеріңіз қоғамдық пікірді қалыптастырады, сондықтан депутат жұмысының басымдылығын анықтауда біз үшін Сіздердің ескертулеріңіз бен тілектеріңіз өте маңызды. Сіздердің қалаулыларыңыз болып, Сіздердің ықтиярларыңызды білдіре отыра, біз Сіздер үшін еңбек етуге дайынбыз.
Қазақстанда соңғы жылдарда қабылданған жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңдар мемлекеттік қызметтердің орталықсыздандырылуы мен демократияландырылуының дамығанын көрсетеді. Қоғамды одан әрі демократияландыру барысында халықтық басқарудың негізі түрі – мәслихаттарға маңызды орын бөлінді.

Құрметпен, Аудандық мәслихаттың хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

  • Жаңалықтар
  • Хабарландырулар
  • Жүргізілген сессиясы
  • Депуттары сұрақтар

Ардагерге үй берілді

20.11.2018 Ұлы Отан соғысының ардагері Рысбеков Ермұхан атамызға 3 бөлмелі әсем үй табыс етілді. Өз кезегінде Рысбеков Ермұхан атамызға 2013 жылы көпқабатты тұрғын үй қатарынан 1 бөлмелі шағын баспана берілген болатын. Алайда ардагердің немерелері жанында болуына байланысты Ермұхан атамыз үйді кеңейтіп беру туралы аудан әкіміне өтініш білдірген. Соған орай Ақсу ауданының әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы 1 бөлмелі шағын үйді 3 бөлмелі кең баспанаға айырбастап, бүгінде ардагер атамыз жайлы орын мен жеке бөлмеге ие болып қуанышын еселеп отыр. Аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы мен Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы қуаныш...

Қоғамдық қабылдау жүргізілді

13.11.2018 2018 жылғы қараша айының 13 күні сағат 10:00-де Ақсу аудандық орталық ауруханасының «Ақын Сара» бастауыш партия ұйымының кабинетінде, сағат 15:00-де «Ақын Сара» мәдени-жастар орталығында Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы, № 3 Амангелді сайлау округі бойынша депутаты Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауда азаматтар жеке мәселелерімен қатар 7-20-25 бағдарламасының талаптары жайында, жемқорлыққа қарсы күрес туралы, жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы, ауданымызға газ құбыры қай жылдары тартылатыны жайлы, ауыларалық және ауыл ішінде қоғамдық көлік ұйымдастыру...

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

15.10.2018 2018 жылғы 12 қазан күні Матай орта мектебінің акт залында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққы арнаған Жолдауын талқылау туралы жиын өтті. Жиынға Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменов, мәслихат аппаратының бас маманы Д.Әлібекұлы, Матай ауылдық округінің әкімі Р.Мусагулов, Матай орта мектебінің ұжымы, Матай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және теміржол қызметкерлері, аурухана, балабақша қызметкерлері қатысыты. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан...

Аудан әкімі есебінің тезисі

13.08.2018 Ақсу ауданының әкімі Ә.Далбағаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ   Ауданымызда басты сала болып есептелетін ауыл шаруашылығында 2018 жылдың есепті мерзіміне өндірілген жалпы өнім көлемі – 5 млрд. 850 млн. 700 мың теңге, нақты өнім көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 104,9 пайызды құрады, оның ішінде: мал шаруашылығы өнімдері – 5 млрд.765 млн.800 мың теңгені құрап, 104,9 пайызға өскен, егін шаруашылығы өнімдері – 80 млн.100 мың теңгені құрап, нақты өнім көлемі 10...

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті

22.06.2018 2018 жылғы 22 маусым күні Ақсу ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы, аудандық мәслихатының аппараты және зейнетке шыққан ардагер мемлекеттік қызметшілер, аудандық мекеме басшылары, округ әкімдері және мамандар қатысты. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман – заңгері Құрманғалиева Алма Жанатбекқызы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының алғыс хатымен және «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Беріков...
Читать все записи →

Ақсу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

15.01.2019 Ақсу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы     Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикас...

ХАБАРЛАНДЫРУ

13.08.2018 2018 жылғы 20 тамыз күні сағат 11:00-де Ақсу ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 19 нөмірлі Жарлығына өзгеріс енгізу туралы 2010 жыл...
Читать все записи →

2018 жылдың тамыз айының 20-сы күні Ақсу ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Ақсу аудандық мәслихатының кезекті 31 сессиясы өтті

20.08.2018 2018 жылдың тамыз айының 20-сы күні Ақсу ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Ақсу аудандық мәслихатының кезекті 31 сессиясы өтті. Сессияға аудан активі, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты, Ақсу ауданының әкімі Әділбек Егеубекұлы Далбағаев өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде және 2018 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәслихат депутаттары алдында есеп берді.Есеп беру барысында № 2 Орталық сайлау округінің депутаты Баулыбаев Тарғын Досымұлы Ілияс Жансүгіровтың ескерткіші туралы және орталық паркты реконструкциялау тура...

Ақпарат

23.04.2018 2018 жылғы сәуір айының 23 – і күні Ақсу ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында алтыншы сайланған Ақсу аудандық мәслихатының кезекті 28 – ші сессиясы өтті. Сессия төрағасы Ақсу аудандық мәслихатының депутаты Бармақов Сәбит Әбікенұлы болды. Сессияға Ақсу ауданының әкімі Далбағаев Әділбек Егеубекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, Ақсу аудандық мәслихатының депутаты, Ақсу аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Мұсабаланов Ғабит Ахметқожаұлы, Ақсу аудандық мәслихатының депутаттары, округ әкімдері, мекеме басшылары және Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мейрам Мырзанұлы Мұсаев қатысты. Күн тәртібінде А...
Читать все записи →
Ақпарат жоқ
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.