Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі - 2020» Республикалық конкурс

«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі - 2020» Республикалық конкурс https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/projects/details/996?lang=kk Қатысушылар: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер. Құжаттарды қабылдау (22-29.05.2020 ж. дейін) - электрондық поштаға жіберу арқылы: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілген А нысаны бойынша); 2) конкурсқа қатысушының сауалнамасы (қоса берілген Б нысаны бойынша); 3) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі; 4) көлемі 500 сөзден аспайтын «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» тақырыбындағы басылған мотивациялық эссе (Times New Roman-14, жоларалық интервал – дара) форматтағы А-4. Қағаз тасығышта қолыменен жазылған эссе ұсынылған жағдайда, құжаттың Word форматында (.doc) көшірмесі тапсырылады. Мотивациялық эсседе үміткердің кәсіб...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.05.2020

Жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қазақстанның даму стратегиясы» атты жалпыұлттық эссе байқауы

Жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қазақстанның даму стратегиясы» атты жалпыұлттық эссе байқауы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты үздік эссе байқауын жариялайды. Эссе – еркін стильдегі қысқаша очерк-ойтолғау. Эссе автордың нақты бір мәселеге қатысты өзіндік пікірін, оның дүниетанымдық ұстанымын білдіреді әрі пәнді тек қана солай түсінуді талап етпейді. Эссе өздігімен шығармашылық ойлау деңгейін, ақпаратты құрылымдау, себеп-салдар байланысын көрсету және өз ой түйінін дәлелдермен дәйекті ету қабілетін танытады. Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы бойынша мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды іздестіру. Байқау келесідей тақырыптық бағыттар бойынша өтеді: 1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тиімді үлгісін құру; 2) Әлеум...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.05.2020

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 1 жылдан асатын мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуге шақырамыз: ⠀ МАГИСТРАТУРА 1 жыл 1. Мемлекеттік менеджмент (MPM) 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат (MACP) 3. Адами ресурстарды басқару (MHRM) 4. Өңірлік даму (MRD) 5. Халықаралық қатынастар (MIR) ⠀ 2 жыл 1. Мемлекеттік басқару (MPA) 2. Экономика (ME) 3. Мемлекеттік саясат (MPP) 4. Өңірлік даму (MRD) 5. Өңірлік көшбасшылық (MRL) ⠀ ДОКТОРАНТУРА 3 Жыл 1. Мемлекеттік басқару (DPA) 2. Экономика (DE) 3. Халықаралық қатынастар (DIR) ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ (Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 10 шілдесіне дейін жүзеге асырылады): - Өтініш - Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі - IELTS/TOEFL сертификатының көшірмесі немесе APTIS-ке тіркеу - Еңбек қызметін растайтын құжат - 086-У нысанындағы медициналық анықтама - Мемлекеттік органның жолдамасы...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.04.2020

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсуге құжаттарды Egov.kz порталы арқылы онлайн тапсыруға болатынын естеріңізге саламыз. Осы ретте, құжаттарды тапсырудың 5 қадамын назарларыңызға ұсынамыз.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.04.2020

Ардагерге үй берілді

Ұлы Отан соғысының ардагері Рысбеков Ермұхан атамызға 3 бөлмелі әсем үй табыс етілді. Өз кезегінде Рысбеков Ермұхан атамызға 2013 жылы көпқабатты тұрғын үй қатарынан 1 бөлмелі шағын баспана берілген болатын. Алайда ардагердің немерелері жанында болуына байланысты Ермұхан атамыз үйді кеңейтіп беру туралы аудан әкіміне өтініш білдірген. Соған орай Ақсу ауданының әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы 1 бөлмелі шағын үйді 3 бөлмелі кең баспанаға айырбастап, бүгінде ардагер атамыз жайлы орын мен жеке бөлмеге ие болып қуанышын еселеп отыр. Аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы мен Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы қуаныш иелерімен ортақтасып, ардагер атаның жаңа үйіне арнайы барып, Ермұхан атамызды құттықтап, сый - сияпат жасады. Есім Сейілханулы " Біз өз тарапымыздан ардагер атамыздың өтінішін қарап, 3 бөлмелі үй бердік. Жалпы аумағы 66 ш.м. Бұдан басқа Ермұхан атамыз жаңа үйге көшуіне байланысты кыска дайын еместігін ескеріп қатты отынмен және ағашпен камт...
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.11.2018

Қоғамдық қабылдау жүргізілді

2018 жылғы қараша айының 13 күні сағат 10:00-де Ақсу аудандық орталық ауруханасының «Ақын Сара» бастауыш партия ұйымының кабинетінде, сағат 15:00-де «Ақын Сара» мәдени-жастар орталығында Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы, № 3 Амангелді сайлау округі бойынша депутаты Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауда азаматтар жеке мәселелерімен қатар 7-20-25 бағдарламасының талаптары жайында, жемқорлыққа қарсы күрес туралы, жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы, ауданымызға газ құбыры қай жылдары тартылатыны жайлы, ауыларалық және ауыл ішінде қоғамдық көлік ұйымдастыру мәселесі туралы, дәрігерлер мен мейірбикелердің беделі туралы, Жансүгіров ауылында салынып жатқан спорт кешені қай уақытта қолданысқа берілетіні туралы, аудан орталығындағы дүкендердің айналасындағы қоқыстарға айыппұл салу жайында, жұмыссыздық мәселесі туралы және жер телімін алу жайлы мәселелер көтерілді. Барлық мәселелер қанағаттандырырлып, заңн...
Толығырақ... Оқылды: 182 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.11.2018

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

2018 жылғы 12 қазан күні Матай орта мектебінің акт залында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққы арнаған Жолдауын талқылау туралы жиын өтті. Жиынға Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменов, мәслихат аппаратының бас маманы Д.Әлібекұлы, Матай ауылдық округінің әкімі Р.Мусагулов, Матай орта мектебінің ұжымы, Матай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және теміржол қызметкерлері, аурухана, балабақша қызметкерлері қатысыты. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы бірінші сөз Ақсу ауданы мәслихатының бас маманы Әлібекұлы Дарханға берілді. І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде...
Толығырақ... Оқылды: 205 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.10.2018

Аудан әкімі есебінің тезисі

Ақсу ауданының әкімі Ә.Далбағаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ Ауданымызда басты сала болып есептелетін ауыл шаруашылығында 2018 жылдың есепті мерзіміне өндірілген жалпы өнім көлемі – 5 млрд. 850 млн. 700 мың теңге, нақты өнім көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 104,9 пайызды құрады, оның ішінде: мал шаруашылығы өнімдері – 5 млрд.765 млн.800 мың теңгені құрап, 104,9 пайызға өскен, егін шаруашылығы өнімдері – 80 млн.100 мың теңгені құрап, нақты өнім көлемі 102,3 пайыз болды, қызмет үшін – 4,8 млн немесе 130 пайыз. Осы жылға өндірілетін жалпы өнім көлемі 29 млрд. 928 млн. 400 мың теңгеге жоспарлануда. 59 мың 300 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдар себілді. Оның ішінде: 30 мың 500 гектар дәнді дақылдар, 2020 гектарға қант қызылшасы, 15247 гектар майлы дақылдар, 2226 гектар картоп, бақша өнімдері, 93...
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.08.2018

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті

2018 жылғы 22 маусым күні Ақсу ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы, аудандық мәслихатының аппараты және зейнетке шыққан ардагер мемлекеттік қызметшілер, аудандық мекеме басшылары, округ әкімдері және мамандар қатысты. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман – заңгері Құрманғалиева Алма Жанатбекқызы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының алғыс хатымен және «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Берікова Венера Берікқызы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының алғыс хатымен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 233 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.06.2018

Интернет байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

2018 жылғы маусым айының 1 күні халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Жансүгіров ауылының орталық алаңында Ақсу аудандық мәслихатының ұйымдастыруымен өткізілген «Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің поэзиялық эстафетасы» атты интернет байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің поэзиялық эстафетасы» атты интернет байқауына дейін 2017 жылдың 22 желтоқсанында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және мәдениет саласындағы өзара шығармашылық ынтымақтастықты дамыту үшін Ілияс Жансүгіров атындағы Же­тісу мемлекеттік университеті, Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби мұражайы және Ақсу ауданының әкімдігі арасында үшжақты меморандум қабылданды. Ақсу аудандық мәслихат депутаттары бастама көтеріп, аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдеріне арналған үндеу хаты аудандық «Ақсу өңірі»газетінде жарияланды. Үндеу қабылданған соң 2018 жылдың 19 ақпанынан...
Толығырақ... Оқылды: 406 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.06.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.