Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Ардагерге үй берілді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.11.2018
Оқылды: 181 Печать страницы
Ардагерге үй берілді

Ұлы Отан соғысының ардагері Рысбеков Ермұхан атамызға 3 бөлмелі әсем үй табыс етілді. Өз кезегінде Рысбеков Ермұхан атамызға 2013 жылы көпқабатты тұрғын үй қатарынан 1 бөлмелі шағын баспана берілген болатын. Алайда ардагердің немерелері жанында болуына байланысты Ермұхан атамыз үйді кеңейтіп беру туралы аудан әкіміне өтініш білдірген. Соған орай Ақсу ауданының әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы 1 бөлмелі шағын үйді 3 бөлмелі кең баспанаға айырбастап, бүгінде ардагер атамыз жайлы орын мен жеке бөлмеге ие болып қуанышын еселеп отыр. Аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы мен Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы қуаныш иелерімен ортақтасып, ардагер атаның жаңа үйіне арнайы барып, Ермұхан атамызды құттықтап, сый - сияпат жасады.
Есім Сейілханулы " Біз өз тарапымыздан ардагер атамыздың өтінішін қарап, 3 бөлмелі үй бердік. Жалпы аумағы 66 ш.м. Бұдан басқа Ермұхан атамыз жаңа үйге көшуіне байланысты кыска дайын еместігін ескеріп қатты отынмен және ағашпен камтамасыз еттік" - деді аудан әкімі.