Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі - 2020» Республикалық конкурс

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 22.05.2020
Оқылды: 52 Печать страницы
«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі - 2020» Республикалық конкурс
«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі - 2020»
Республикалық конкурс

 
 
Қатысушылар: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер.
 
Құжаттарды қабылдау (22-29.05.2020 ж. дейін) - электрондық поштаға жіберу арқылы:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілген А нысаны бойынша);
2) конкурсқа қатысушының сауалнамасы (қоса берілген Б нысаны бойынша);
3) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) көлемі 500 сөзден аспайтын «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» тақырыбындағы басылған мотивациялық эссе (Times New Roman-14, жоларалық интервал – дара) форматтағы А-4.
Қағаз тасығышта қолыменен жазылған эссе ұсынылған жағдайда, құжаттың Word форматында (.doc) көшірмесі тапсырылады.
Мотивациялық эсседе үміткердің кәсіби қызметтегі негізгі жеке жетістіктері, өз қызмет саласындағы проблемаларды шешуге, мемлекеттік органның өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процесіне жеке үлесі, сондай-ақ іске асырылған жобалар тізбесі (болған жағдайда) баяндалады.
 
Конкурстың І кезеңі:
2020 жылдың 30 мамырында сағат 10.00-де барлық қатысушыларға бір мезгілде электрондық поштаға/смс/WhatsAppарқылы кейстік тапсырма жіберіледі.
Конкурсқа қатысушылар сол күні 23.59 сағаттан кешіктірмей 5 минуттан асырмайтын өзінің бейне жауабын жіберуі қажет.
 
Өңірлік комиссияның отырысы:
Ағымдағы жылдың 1-5 маусым аралығында қашықтықтан өткізіледі. Республикалық комиссияның қарауына ең көп балл жинаған 3 үміткердің құжаттар көшірмесі электрондық форматта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратына жіберіледі.
 
Конкурстың ІІ кезеңі:
8-12 маусым аралығында финалистер«Мемлекеттік қызметті жетілдіру: пандемия нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшінің қорытындылары» тақырыбына бейне презентация жолдайды.
Бейне жазба ұзақтығы 5 минуттан аспауы қажет. Презентация мәтінін (Word) форматында қоса беру қажет.
 
Республикалық комиссияныңотырысы:
Қашықтық форматта ағымдағы жылдың 15-19 маусым аралығында өткізіледі.
 
Жеңімпаздар:
«Жылдың Үздік мемлекеттік қызметшісі» төс белгісімен, дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталады.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы хабардар етуді Агенттік жүзеге асырады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.