Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Ақпарат

Санат: Жүргізілген сессиясы
Уақыты: 23.04.2018
Оқылды: 241 Печать страницы
Ақпарат

2018 жылғы сәуір айының 23 – і күні Ақсу ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында алтыншы сайланған Ақсу аудандық мәслихатының кезекті 28 – ші сессиясы өтті. Сессия төрағасы Ақсу аудандық мәслихатының депутаты Бармақов Сәбит Әбікенұлы болды. Сессияға Ақсу ауданының әкімі Далбағаев Әділбек Егеубекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, Ақсу аудандық мәслихатының депутаты, Ақсу аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Мұсабаланов Ғабит Ахметқожаұлы, Ақсу аудандық мәслихатының депутаттары, округ әкімдері, мекеме басшылары және Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мейрам Мырзанұлы Мұсаев қатысты. Күн тәртібінде Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 23-111 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу ауданының ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 24-117 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ақсу ауданының 2017 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы, Қызылағаш және Ойтоған ауылдық округі әкімдерінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есептері туралы және «Ақсу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы мәселелері қаралды. Ақсу аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жандосова Гүлнара Жандосқызының, Ақсу аудандық қаржы бөлімінің басшысы Рахметова Алима Баққалиқызының, Алматы облысы тексеру комиссиясының мүшесі Мұсаев Мейрам Мырзанұлының, Ақсу аудандық мәслихатының депутаты Баулыбаев Тарғын Досымұлының және Ойтоған, Қызылағаш ауылдық округтері әкімдерінің баяндамалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.