Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Сайлаушыға арналған ақпарат

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!

 

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының
сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихаты аумақтық және 43 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018 жылдың 30 қарашасынан бастап 20 желтоқсанына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылдың 20 желтоқсанына дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:00-ге дейін.


 

Ақсу аудандық мәслихаты

Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы – Б.Сүлейменов.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5.

Жауапты тұлға – Берікова Венера Берікқызы, № 20 каб., қалааралық телефонкоды (872832), қызметтік 2-10-99, 2-13-21,

ұялы телефондарының 87025741984, электрондық пошта мекенжайы aksu_maslihat@mail.ru.


 

Аудандық мәслихат аудандық сайлау комиссиясының және 43 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды
 


р/с

Сайлау
учаскесінің
нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау
комиссиясы
мүшелерінің
саны

1

2

3

4

Аудандық сайлау комиссиясы

1

 

Жансүгіров ауылы, Мұратбаев к-сі 1, аудандық кітапхана ғимараты

7

Учаскелік сайлау комиссиялары – 43

1

№1

Жансүгіров ауылы, Жұмашев к-сі 49, Е.Сиқымов атындағы орта мектеп ғимараты

9

2

№2

Жансүгіров ауылы, Желтоқсан к-сі 8, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп ғимараты

11

3

№3

Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр к-сі 42, «Ақын Сара» жастар орталық ғимараты

11

4

№4

Көкөзек ауылы, Мектеп к-сі 1, Қ.Терібаев атындағы орта мектеп ғимараты

5

5

№5

Алтынарық ауылы, Жеңіс к-сі 1, Қаракемер орта мектеп ғимараты

5

6

№6

Энергетик ауылы, Ғарышкер к-сі 4, аудандық электр жүйе мекемесінің ғимараты

5

7

№7

Есеболатов ауылы, Жамбыл к-сі 40, Н.Есеболатов атындағы орта мектеп ғимараты

5

8

№8

Қызылқайың ауылы, Бұхар жырау к-сі 35, Қызылқайың орталау мектеп ғимараты

5

9

№9

Еңбек ауылы, Ермектасов к-сі 35, Қарасу орталау мектеп ғимараты

5

10

№10

Тарас ауылы, Орталық к-сі 1, Тарас орталау мектеп ғимараты

5

11

№11

Кеңжыра ауылы, Әкімшілік к-сі 28, Кеңжыра орта мектеп ғимараты

5

12

№12

Қаракөз ауылы, Абай к-сі 1, Қызылорақ орта мектеп ғимараты

5

13

№13

Кеңғарын ауылы, Сиқымов к-сі 32, Кеңғарын орталау мектеп ғимараты

5

14

№14

Жаңалық ауылы, Қойшыбай Махмет к-сі 3, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

5

15

№15

Сағабүйен ауылы, Абылайхан к-сі 24, Т.Тоқтаров атындағы орта мектеп ғимараты

7

16

№16

Қарашілік ауылы, Телібай к-сі 1, Қарашілік орталау мектеп ғимараты

5

17

№17

Ойтоған ауылы, Әділбеков к-сі 14, І.Жансүгіров атындағы орта мектеп ғимараты

5

18

№18

Үлгілі ауылы, жеке шаруа қожалық ғимараты

5

19

№19

Сырттанов ауылы, Молдағали к-сі1, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп ғимараты

5

20

№20

Қопа ауылы, Алтай к-сі1, Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп ғимараты

5

21

№21

Ақсу ауылы, Айсеркенов к-сі 13, «Мамания» орта мектеп ғимараты

5

22

№22

Ақын Сара ауылы, Орталық к-сі 4, Абай атындағы орта мектеп ғимараты

5

23

№23

Шолақөзек ауылы, Қосағаш к-сі 2, Шолақөзек бастауыш мектеп ғимараты

5

24

№24

Ақтөбе ауылы, Ақтөбе к-сі 3, Ақтөбе бастауыш мектеп ғимараты

5

25

№25

Баласаз ауылы, Баласаз бастауыш мектеп ғимараты

5

26

№26

Ащыбұлақ ауылы, Мектеп к-сі 3, Ащыбұлақ орталау мектеп ғимараты

5

27

№27

Суықсай ауылы, Мектеп к-сі 1, Ю.Гагарин атындағы орта мектеп ғимараты

5

28

№28

Суықсай ауылы, Нұғыманов к-сі 21, «Арасан-шекара» застава ғимараты

5

29

№29

Арасан ауылы, Тұрғанбек к-сі 19, Б.Сырттанов атындағы орта мектеп ғимараты

7

30

№30

Қызылжар ауылы, Қызылжар к-сі 14, Қызылжар бастауыш мектеп ғимараты

5

31

№31

Қапал ауылы, Ғ.Орманов к-сі 10, Ғ.Орманов атындағы орта мектеп ғимараты

7

32

№32

Қапал ауылы, Жібек жолы к-сі 5, Қапал кәсіптік-техникалық колледж ғимараты

7

33

№33

Көшкентал ауылы, Амангелді к-сі 15, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

5

34

№34

Көлтабан ауылы, Орталық к-сі 15, Көлтабан орталау мектеп ғимараты

5

35

№35

Қызылағаш ауылы, Жастар к-сі 55, ауылдық мәдениет үйі ғимараты

7

36

№36

Ақтоған ауылы, Дөсет ата к-сі 17, Ақтоған орталау мектеп ғимараты

5

367

№37

Алажиде ауылы, Мектеп к-сі 4, Алажиде орта мектеп ғимараты

5

38

№38

Молалы ауылы, Сексенбай к-сі 9, Әуезов атындағы орта мектеп ғимараты

5

39

№39

Егінсу ауылы, Алтынсарин к-сі 1, Егінсу орта мектеп ғимараты

5

40

№40

Құрақсу ауылы, Қ. Мұқашев к-сі 17, Құрақсу орта мектеп ғимараты

5

41

№41

Матай ауылы, Депо к-сі 1, Матай локомотив депосының ғимараты

5

42

№42

Матай ауылы, Бейсенбеков к-сі 4, Матай орта мектеп ғимараты

5

43

№43

Матай ауылы, Қисабеков к-сі 18, УПЧ-44 ғимараты

5

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.