Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Басшылық

Аудандық мәслихатының хатшысы – Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Байланыс телефондары: 872832-2-22-71
Қабылдау күндері: әр дүйсенбі күні сағат 15-00 ден 18-00 ге дейін.
Сайлау округіндегі қабылдау күндері: әр айдың соңғы сәрсенбісі
 

1962 жылы Ақсу ауданы Алтынарық ауылында дүниеге келген.

1980 жылы Қаракемер орта мектебін бітірген.

1985 жылы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтын, 2008 жылы академик Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы №18 кәсіптік-техникалық училищесінде шебер ретінде бастады.

1986-2009 жылдар аралығында аудандық «Агропромэнерго» шаруашылығында жұмысшы, № 4 кәсіптік-техникалық училищесі директорының ауылшаруашылық саласы бойынша орынбасары, Ақсу «МТС Агро» мекемесінің «Алтынарық» учаскесінің меңгерушіcі қызметерін атқарды.

2009-2016 жылдар аралығында «Келешек» шаруа қожалығының төрағасы.

2016 жылдың наурызынан Ақсу аудандық мәслихат хатшысы.

Ақсу аудандық мәслихаттың IV–V шақырылымдарының депутаты болып сайланған.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Алматы облысы және Ақсу ауданы әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Үйленген, екі баласы бар.


 

Функционалдық міндеттері

Мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Ақсу аудандық мәслихатының регламентiне сәйкес мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастырып, басшылық етедi, сондай-ақ мәслихат аппаратына жүктелген мiндеттердің орындалуы мен аппарат қызметкерлерінің өз қызметтерін жүзеге асыруына жауапкершiлiкте болады.
Осы мақсаттарда мәслихат хатшысы:
-мәслихат аппараты қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерін белгілейді;
-заңдарға сәйкес мәслихат аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
-заңдарда белгiленген тәртiппен мәслихат аппаратының қызметкерлерiн ынталандыру шараларын белгілейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
-өз құзіретіндегі мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
-сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
-мәслихат аппаратының шығыс сметасын жасайды және орындайды;
-мәслихат аппаратының мүддесiн мемлекеттiк және өзге де ұйымдарда қорғайды;
-мәслихат аппаратының құрылымын анықтайды;
-заңдарда және нормативтiк актiлерге сәйкес басқа да өкiлеттiктердi iске асырады.
Мәслихат хатшысы болмаған уақытта оның мiндеттерiн мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының бiрi атқарады..
Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.