Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Есептер

Ақсу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстары туралы
 

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа заңнама актілеріне, сондай-ақ, аудандық мәслихаттың регламентіне және жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Аудандық мәслихат жоспарлы негізде талқылауға жатқызылған мәселелердің толыққанды дайындалуына басты көңіл бөледі. Мәселелерді кеңінен зерттеу мақсатында депутаттардан және аппарат қызметкерлерінен жұмысшы топтар құрылып, елді мекендерге, тиісті мекмелерге шығып, іс жағдайына талдау жасалады. Қажеттілікке қарай, тұрғындар мен жиын-кездесулер, сауалнамалар өткізу тәжірибесі де пайдаланылады. Аудандық газетте «Мәслихат сесссиясы қарсаңында» атты айдармен депутаттар, басшы-мамандар, газет оқырмандары мақалалары, ұсыныс-пікірлері ұйымдастырылады. Дайындалған анықтамалық құжаттар, ұсыныс-пікірлер, шешім-қаулылар жобалары алдын-ала мәслихат сессиясына, аудан әкіміне және округтер әкімдеріне, тиісті бөлімдер мен мекемелер басшыларына беріледі. Сессиялар жұмысы мен тұрақты комиссиялар отырыстарына қажетті саналатын көпшілік қауым шақырылып отырылады. Талқыланған мәселелер бойынша қабылданған шешімдер мен қаулылар қадағалауға қойылып, көрсетілген мерзімдерде орындалу барысы тексеріліп отырылады. Қажеттілігіне қарай, жауапты орындаушылардың есептері де тыңдалады.

Тұрақты комиссиялардың талқылануына жоспарлы түрде дайындалатын мәселелер де аудан өмірінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, т.б. маңызды проблемаларына байланыстырылып отырылады.

Тұрақты комиссиялар өз жоспарларына сәйкес әр 2-3 айда отырыстарын өткізіп, қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Отырыстарға көпшілік қауым қатыстырылып, талқыланған мәселелер бойынша дайындалған анықтамалық құжаттар, ұсыныс-пікірлер, қаулылары мәслихат сессиясына, аудан әкіміне және қажеттілікке сай округ әкімдеріне, тиісті мемлекеттік органдар, мекеме-ұйымдар басшыларына жіберіліп отырылды.

Осы жылы «Экономикалық және аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық-экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» комиссия отырысында қаралған мәселелер:

«Аудандық бюджеттің табыс бөлігін көбейту бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының атқарған іс – шаралары туралы» аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы. А.Желдібаеваның хабарламасы тыңдалып, назарға алынды. Мәселе бойынша ауылдық округтер әкімдеріне салық түрлерінен салық жинау жұмыстары бойынша, салық төлеуші, жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастыруды қадағалау тапсырылды.

«Ақсу ауданының 2015 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Рахметовның баяндамасы тыңдалы.Онда аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сүлейменов бюджетті тиімді атқару және мониторинг жүргізу туралы, № 6 Қосбатыр сайлау округінің депутаты Б.Тынышбаев бюджетке өзгерістер енгізу туралы, № 5 Қаракөз сайлау округінің депутаты А.Досмұхамбетов Ойтоған ауылы көшелердегі электр жарықтары туралы және Қаракөз ауылындағы Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектепте шоғырланған жыландар мәселесі туралы , № 9 Арасан сайлау округінің депутаты Ғ.Сейсебаев Арасан-Жансүгіров жолының ағымды жөндеуден өткізу туралы, № 10 Қапал сайлау округінің депутаты С.Бармақов көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмсалынған қаражаттар туралы сауалдар қойды. Сауалдар бойынша жауаптар алынып, кейбір мәселелер бойынша қосымша депутаттық сауалдар жолданды.

«Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы отырысында қаралған мәселер:

«Білім беру мекемелерінің жазғы демалыс кезінде балалардың демалуын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Рамазановтың баяндамасы тыңдалып, онда №2 Сәтбаев сайлау округінің депутаты Т.Баулыбаев - Балалардың жазғы демалысына бөлінген қаражат туралы, №4 Діңгек сайлау округінің депутаты Ғ.Мұсабаланов балаларға тамақ жасайтын аспаздар медициналық – санитарлық тексеруден өткізу туралы, №1 Сиқымов сайлау округінің депутаты К.Дәулетбекова – Балаларға орталықтағы бассейінді тазалап, күрделі жөндеуден өткізіп беру және Ақын Сара мұражайы жайында үгіт-насихаттар жүргізу туралы №10 Қапал сайлау округінің депутаты С.Бармақов Қапал ауылындағы «Тамшыбұлақтың» жан-жағын күл-қоқыстан тазалау және жылжымалы музей ұйымдастыру туралы сауалдар қойылды. Сауалдар бойынша жауаптар алынып, мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

«Жергілікті полиция қызметінің 2016 жылғы І жарты жылдығында атқарған жұмыстары туралы» мәселе бойынша жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Лепесбаевтың баяндамасы тыңдалып, назарға алынды. Мәселе бойынша ауылдық округтер әкімдеріне учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, өз округі бойынша қылмысты алдын алу, болдырмау, күресу бойынша іс-шаралар қабылдап, жайылымдардағы қараусыз қалған мал ұрлығын болдырмау және бақылаумен қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыруды қадағалау тапсырылды.

Маңыздылығы бойынша ең жиі талқыланған әрине бюджет мәселесі. Биылғы «Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджетінің жобасын қарауға негізгі назар аударылды, ол комиссиялардың жекелеген және бірлескен отырыстарында талқыланды.

Талқылау барысында депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен, жалпы өңірлік өнім көрсеткіштерімен, салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдері жоспарларымен, бюджеттік бағдарламалар бөлігінде бюджет қаражатының жоспарлы шығыстарымен танысты.Бекітілген бюджетті іске асыру барысы тұрақты комиссияның бақылауында.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін белсенді пайдалану комиссия қызметінің бір түрі. Комиссия отырыстарының ақпараттық мәліметі тұрақты түрде аудандық газет беттерінде жарияланады.

Комиссия мүшелері болып табылатын депутаттар өздері сайланған округтарда жұмыс атқарды, жеке мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен кездесіп тұрады. Олар өз құзыреті шеңберінде мәселелерді шешуге, өтініштерін қарап округ тұрғындары көтеретін мәселелер абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәселелеріне қатысты. Комиссия мүшелері алдағы уақытта сессияның қабылдаған шешімін іске асыру барысы тұрақты комиссияның отырыснда қаралып, шешілмеген мәселелер комиссияның әрдайым бақылауында болады.

Алдағы уақытта тұрақты комиссияның жұмысын жақсарту үшін қажетті мәселелер бойынша көшпелі отырыстар, көпшілік тыңдаулар санын көбейтуді жоспарланып отыр.

Комиссиялардың барлық мәжілістерінің заңды қорытындысы қаулыларды дайындау болып табылады, онда қарастырылып жатқан мәселелер бойынша жағдайды нақты бағалау, нақты практикалық ұсыныстар, оларды орындау мерзімдері қойылады.

Сондай-ақ, тұрақты комиссияның мүшелері көптеген проблемаларды депутаттық сауал арқылы шешеді. Сайлаушылардың көтеріп отырған мәселелерінің көпшілігі бюджеттен қаржыландыруды талап етеді. Алайда, депутаттар бюджеттің өз лимиттері, шектеулері бар екендігін және қысқа мерзімде бұл мәселелерді шешу мүмкін емес екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларында заңдылықпен негізделген,аса бір пәрменді және ұтымды жұмыс формасы саналатын - депутаттық сауалдар беру мәселелері талқыланып, талданып отырады.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары алдағы уақытта да жұмысын жақсартудың маңызды және әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуде белсенді жұмыс істеуді көздеп отыр.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауының жұмысына қатысу комиссия мүшелері қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Азаматтардың өтініштерін талдауға, олардан туындаған және өзекті мәселелерін шешуге көмек көрсетіледі.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.