Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Қызметтік міндеттер

Сулейменов Бейбіт Жаңылысұлы - аудандық мәслихаттың хатшысы
 
- мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
- мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
- депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
- мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
- мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
- өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
- мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
- мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
- мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
- мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды;
- аудандық мәслихат аппаратындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүргізуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларына тікелей жауапкершілік танытады.

Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлы - Ақсу аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі
 
- аппараттың жалпы басшылығын жүзеге асыру және аппаратқа жүктеген міндеттердің
орындалуы үшін жауап беру;
- жоғары және жергілікті органдардан түскен құжаттардың орындалуын қадағалау;
- аудандық мәслихаттың хатшысы қабылдаған өкімдердің орындалуын қадағалау;
- аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыстарын үйлестіру;
- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады;
 
Берікова Венера Берікқызы - аудандық мәслихат аппаратының бас маманы
 
- мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелердің сапалы әзірленуіне қатысу;
- әкімнің ұсынысы негізінде «Ақсу ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы құжаттарды сессия қарауына әзірлейді;
- аудандық мәслихат аппараты іс қағаздарының номенклатура жиынтығын, мұрағат құжаттарын жасауды қамтамасыз етеді;
- сайлау жұмыстарына жауапты болады;
- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.
 
Алибекулы Дархан- аудандық мәслихат аппаратының бас маманы
 
- мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелердің сапалы әзірленуіне қатысу;
аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестацияға даярлау және аттестациялық комиссияның және бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық комиссиялардың хатшысының міндетін атқарады;
- мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, кеңестік және әдістемелік көмек көрсетеді;
- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.

Құрманғалиева Алма Жанатбекқызы - аудандық мәслихат аппаратының бас маманы
 
- әділет басқармасына тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді мерзімінде даярлап, тіркетуді қамтамасыз етеді және олардың аудандық баспасөз құралдарында мерзімінде жариялануына тікелей жауапты болады.
- азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін уақытысында тіркеп, олардың орындалуын және дер кезінде өтініштің нәтижесі туралы жауап берілуін жүзеге асырады;
- депутаттардың сессияға, комиссия отырысына, сондай-ақ депутаттар қатынасуымен өтетін аудандық шараларға келуін қамтамасыз етеді;
- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.
 
Дәулетбекова Күлшат Тұрсынбекқызы- аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы-есепшісі
 
- аудандық мәслихат аппаратының шаруашылық-қаржылық бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және материалдық, қаржылық қорларын пайдалану, мүліктің сақталуын бақылау жұмыстарын жүзеге асырады;
- негізгі қаржы, қордың аналитикалық есебін жүргізеді.
- Аудандық мәслихат аппаратының сметасын тиімді есебін жүргізу және есебін алуды ұйымдастыру, дайындау және орындауын жүзеге асыра отырып, спецификалар - бойынша қаржылық шағымдарға анализ жүргізуді жүзеге асырады;
- Бухгалтерияның жалпы жұмысына бақылау жасайды;
- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.