Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Бос лауазым

«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

Санат: Бос лауазымдары туралы мәліметтер
Уақыты: 15.12.2017
Оқылды: 134 Печать страницы

Индекс 040100, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5, анықтама телефоны: 8(72832) 2-22-71, 2-13-21. Электрондық пошта: aksu_maslihat@mail.ru БСН: 030740004321

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде құжаттар қабылданады.

Үміткерлер мен конкурсқа қатысушыларға арналған жалпы ақпарат:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі № 5

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде аудандық ардагерлердің төрағасы, "Ақсу өңірі" газетінің бас редакторы, тілшілері және аудандық маслихат депутаты қатысады.

«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметтік айлық ақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 77453 тенгеден 104935 тенгеге дейін, (Е-4 санаты, 1 бірлік, индекс №01-04 ) (уақытша бала күтіміне байланысты 2020 жылдың 20 қаңтарына дейін).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық, гуманитарлық, құқықтану. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қызметтік міндеттері: аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, комиссиялар құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті ұйымдар мен мекемелерден ақпараттар, анықтама - мағлұматтар алып, олармен комиссия отырыстарын қамтамасыз етіп отыру. Аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалауын тоқсандық және жылдық бойынша өткізуін қамтамасыз ету. «Е-қызмет» бағдарламасының және кадрлық құжаттардың дұрыс жүргізілуін, кадр есептерін беруді қамтамасыз етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми сайтына мәслихаттың қызметі, сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары және депутаттардың жұмыстары туралы хабарламалық құжаттар беруді ұйымдастырып, жариялануын қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихаттың жұмысы жөнінде көрнекіліктер (фотоальбомдар, видеослайд, стендтер) дайындайды. Мерекелі және атаулы күндерді өткізуге байланысты шараларды ұйымдастыру.

Мәслихат сессияларында, комиссиялар отырыстарында, семинар- кеңестерде құжаттарын қажетіне қарай стенографиялық сипатта хаттамаға дайындау. Депутаттарға методикалық – практикалық көмек көрсету, сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастырып, оларды аудандық мәслихаттың жұмысы туралы қажетті құжаттармен қамтамасыз етіп отыру. Мәслихат хатшысының және аппарат жетекшісінің тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік тілде және компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.