Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Интернет байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.06.2018
Оқылды: 480 Печать страницы
Интернет байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

2018 жылғы маусым айының 1 күні халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Жансүгіров ауылының орталық алаңында Ақсу аудандық мәслихатының ұйымдастыруымен өткізілген «Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің поэзиялық эстафетасы» атты интернет байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің поэзиялық эстафетасы» атты интернет байқауына дейін 2017 жылдың 22 желтоқсанында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және мәдениет саласындағы өзара шығармашылық ынтымақтастықты дамыту үшін Ілияс Жансүгіров атындағы Же­тісу мемлекеттік университеті, Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби мұражайы және Ақсу ауданының әкімдігі арасында үшжақты меморандум қабылданды.

Ақсу аудандық мәслихат депутаттары бастама көтеріп, аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдеріне арналған үндеу хаты аудандық «Ақсу өңірі»газетінде жарияланды.

Үндеу қабылданған соң 2018 жылдың 19 ақпанынан бастап Ақсу аудандық мәслихатының ұйымдастыруымен өткізілген «Ілияс Жансүгіров өлеңдерін поэзиялық эстафетасы» атты интернет байқауына ауданның 60 астам мекеме мен мектептерінен поэзия жанкүйерлері «Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің поэзиялық эстафетасы» атты интернет байқауына 80-нен асқан қарияларымыз бен енді қадам басқан бүлдіршіндеріміз қатысты.

Жоғарыда аталған шара барысында Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы интернет байқау жүлдегерлерін құттықтап, сөз сөйледі.

Интернет байқаудың жүлдегерлері мен қатысушыларын марапаттау рәсімін аудан әкімі Далбағаев Әділбек Егеубекұлы және аудандық мәслихат хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы өткізді.

Ынталандыру сыйлықтары «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілеріне берілді, атап айтқанда:

  1. Берікқызы Ақжарқын, 5 жаста.
  2. Тұрсынбек Бекарыс, 5 жаста.
  3. Оңғарбай Абылай, 5 жаста
  4. Тыныбек Гүлназ, 5 жаста
  5. Әлібек Нұрәли, 4 жаста.
  6. Бақытбекқызы Зульфия, 4 жаста.
  7. Тұрсынбек Жаннұр, 5 жаста.
  8. Мухтайыр Бекарыс, 5 жаста
  9. Бақытжан Өмірзақ, 5 жаста.
  10. Мәлік Адина, 5 жаста.
  11. Ұлан Нұртас, 5 жаста.

Интернет байқаудың ең үлкен және жас қатысушылары: Жансүгіров ауылының тұрғыны жасы 80-нен асқан Шахари ата және 4 жасар Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының бүлдіршіні Биғали Заңғар Айдынғалиұлы және жетекшісі мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиешісі Бакасова Әсем марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

«Күйші» поэмасын оқыған Ойтоған ауылы І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тұрсын Дана, «Арыным» , «Жолдастар» өлеңдерін оқыған Жансүгіров ауылы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жұмабек Бердібек, «Бір соқыр баланың арманы» өлеңін оқыған Жансүгіров ауылы Е.Сиқымов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Шаймерден Бейбіт ІІІ –дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Құлагер» поэмасын оқыған Қарашілік ауылы Қарашілік орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ераділова Бану және Көкөзек ауылы Қ.Терібаев ат.орта мектебінің 3 сынып оқушысы Нұрбекұлы Ермек ІІ –дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Дала» поэмасын оқыған Жансүгіров ауылы Е.Сиқымов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Әсет Ақжол І –дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Ақсу аудандық мәслихатының № 3 Зауыт сайлау округінің депутаты, аудандық мәслихаттың хатшысы Бейбіт Жаңылысұлы Сүлейменовтың арнайы сыйлығы Бас жүлде - 100 000 теңгемен Молықбай мәдениет үйінің қызметкерлері Ілияс Жансүгіров рөлін сомдаған Ілияс Нұрланбеков және қобызшы Молықбай рөлінде ойнаған Әділхан Жакупов және оператор Қадылұлы Есім марапатталды.

Алдағы уақытта да аудандық мәслихат депутатар тарапынан жерлесіміз, қоғам қайраткері ,ақын І.Жансүгіровтың поэзиялық мұрасын насихаттау жүмыстары жалғастырылады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.