Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 31.05.2018
Оқылды: 277 Печать страницы
Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өтті

2018 жылғы мамыр айының 31 күні Қарашілік ауылдық округі Сағабүйен ауылында зұлмат жылдардағы саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 1930 жылдары ашаршылықтан қайтыс болған балаларға қойылған ескерткіш маңында іс – шара өтті. Шараға Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Айтбаев Амангелді, Қарашілік ауылдық округінің әкімі Садуақасов Ыдырыс Ғазизұлы, ауыл имамы, ауыл ақсақалдары және мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара ауыл имамының саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына Құран бағыштауымен ашылды. Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы 31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін, өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн екенін және өткенді еске түсірмей бүгінді, бүгінді айтпай өткенді айта алмайтын тарихтың бұлжымас қағидасы адам санасынан қай уақытта да өшпеу керектігін айтып, ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз, еліміз аман болсын,санамыз ояу болсын деп сөзін аяқтады. Шара соңында мектеп оқушылары қуғын – сүргін құрбаны болған арыстарымыздың өлеңдерін оқып берді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.