Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Аудандық мәслихат депутаттары аз қамтылған және көп балалы отбасыларға демеушілік-қолдау көрсетуде

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.08.2017
Оқылды: 268 Печать страницы
Аудандық мәслихат депутаттары аз қамтылған және көп балалы отбасыларға демеушілік-қолдау көрсетуде

Депутаттарымыз аудан аумағында өтетін тұрғындарға демеушілік-қолдау шараларына белсене араласып отырады. Мысалы, жылдың басында депутаттар волейболдан ерлер арасында аудандық мәслихаттың ауыспалы кубогі бойынша жарыс өткізіп, қаржылай және бағалы сыйлыктармен марапаттады. Аудандық «Мектепке жол» акциясына барлық депутаттар қатысып, әрқайсысы 40-50 мың тг көлемінде қаражат шығарды. Б.Тынышбаев өз округінде мешіттің салуына және Б.Сырттановтың 150 жылдық тойын өткізуге, Т.Жуанышев Көкөзек ауылындағы өртенген үйдің шатырын жасатуға, жағдайы төмен отбасыларына көмір алуға, Ғ.Мұсабаланов өз сайлау округінде әлеуметтік тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына азық-түлік пен ұсақ мал беріп, қысқы отын-шөптерін түсірсе, С.Бармақов өз қаражатымен «Алатау дауысы» атты ән-байқау және мүгедектер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырып, сайлаушыларының ризашылығына бөленуде. Сондай-ақ, М.Естібаевта өзінің оқушысының «Сезімдерге сенемін» атты 300 жуық өлеңдер жинағын баспадан кітап ретінде шығаруға және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» аты іс-шараға қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлікпен, Э.Самбетов «Алтын бала» атты жетім балаларға арналған облыстық акцияға қатысып, қайырымдылық жасады. К.Дәулетбекова өзінің сайлау округіндегі әлеуметтік жағдайы төмен 2 отбасына азық-түлікпен, жалғыз басты ана Л.Федосееваға демеушілік жасап және Москва қаласына жарысқа барған мүмкіндігі шектеулі Т.Қожабековке қаржылай көмек көрсетті. Т.Баулыбаев та өзінің әлеуметтік жағдайы төмен Марат Тұмаров деген сайлаушысына 30 мың теңге ақшалай және аудандық мешітке көмір түсіруге, аудандық ардагерлер үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 200 мың теңге көмек көрсетті. Б.Құлшанов Талдықорған қаласынан 2 автобус жалдап, Алажиде ауылына наурыз мерекесін атап өтуге анайы әскери оркестр алдыртып халықтың көңілін көтерді және аудан аумағында құрылыстық, жол жөндеу жұмыстарына көмегі мол болды. Р.Сексенбаева «25 жұлдызды күн» аясында «Арасан» шекара заставасының «Ұланымыз ұлы елдің» аты іс-шарасының өткізілуіне мұрындық бола білді. 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Жеңіс жасасын» атты салтанатты жиынға қатысып, өз қаражатымен дастархан жайылуына көмектесті. Астана қаласында өткен жәрмеңкеге, мешіттің салынуына және қарттар күніне, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай күрестен оқушылар арасында өткен жарысқа өз қаражатымен демеушілік жасады. Ғ.Сейсебаев Суықсай ауылдық округі әкімінің сұрауы бойынша арнайы техникалармен Ащыбұлақ пен Ақтөбе ауылдары жолдарының арасына уақытша көпір жасауға, Суықсай мен Қызылжар ауылдары жолдарына көпір салуға және «Мыңжасар», «Ащыбұлақ» каналдарын қайта қалпына келтіруге ықпал жасады. А.Досмұхамбетов өзінің сайлау округтерінде болып, тегін концерттер, спорттық, қайырымдылық іс-шараларын өткізді және әлеуметтік тұрмыс деңгейі төмен 3 отбасына демеушілік көрсетті.

Мәслихат хатшысы ретінде күн сайын сайлаушылардың жеке сауалдары бойынша қабылдау жүргізіп келемін.

Осы есеп беру кезеңінде өз тарапымнан аудандық ардагерлер үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 200 мың теңге, волейболдан ерлер арасында аудандық мәслихаттың ауыспалы кубогі бойынша жарыс өткізуге 120 мың теңге, облыста Жетісу бөрісіне қатысуға 60 мың теңге, Жансүгіров ауылының тұрғыны зағип әнші Хасенова Гүлзаттың оқуының төлем ақысын төлеуге 30 мың теңге, Жансүгіров ауылының тұрғыны М.Өнербаева мен Л.Федосееваға қайырымдылық көмек ретінде әр қайсысына 30 мың теңгеден және Г.Бейсебаеваға үйіне су кіргізу үшін 20 мың теңге, өз округімнің әлеуметтік жағдайы төмен тұрғыны З.Нұрсейітоваға 1 тонна көмір және 20 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді. Сонымен қатар ауданда әр түрлі іс-шаралар өткізуге 95 мың теңге қаражатпен атсалыстым.

Жоғарыда аталғандай барлық депутаттарымыз жеке өз тараптарынан да және аудан бойынша өткізілетін тұрмысы төмен отбасыларына деген әлеуметтік көмек көрсету, қайырымдылық шараларында белсенді болып, барлығы 2 млн 612 мың теңге көлемінде демеушілік жасады.

2016 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 45 оқушыға көмек көрсетілді.

2017 жылдың 25 тамыз күні «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобасының негізінде «Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері 13 балаға 260 мың теңгеге мектепке қажетті оқу-құралдары мен киім-кешектер тапсырды.

"Баланы мектепке даярлайық" акциясы аясында Ақсу аудандық мәслихат депутаты, Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменов Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернатының 2 «а» сынып оқушысы Иманбаева Махаббат (анасы Иманбаева Асель), Алматы облыстық мәслихатының депутаты Р.Ибраймова Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернатының 7 «а» сынып оқушысы Сырлыбай Қарақат, 5 «а» сынып оқушысы Сырлыбай Ақнұр ( анасы Жұмықова Әсел), аудандық мәслихат депутаттары К.Дәулетбекова Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернатының 2 «а» сынып оқушысы Әкімбек Аяулым ( анасы Біржангелдинова Айнаш), депутат Т.Баулыбаев Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Төлеубай Арнай (анасы Рысдаулетова Айгерім) әлеуметтік жағдайлары төмен және көп балалы отбасылардан шыққан жартылай жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.