Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Қызылағаш және Ойтоған ауылдық округтерінде көшпелі комиссия отырысы өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.03.2018
Оқылды: 285 Печать страницы
Қызылағаш және Ойтоған ауылдық округтерінде көшпелі комиссия отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың «Экономикалық және аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық – экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Ғ.Мұсабалановтың сөзі

2018 жылғы наурыз айының 20 күні Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 23-114 шешімін орындау мақсатында Қызылағаш, Ойтоған ауылдық округтері бойынша 2016-2017 жылдар аралығындағы салалар бойынша жеткен жетістіктері мен кемшіліктері туралы, округтердің әлеуметтік – экономикалық жағдайы және округ әкімдерінің өз құзыреттері шеңберінде атқарған жұмыстары жайында Қызылағаш, Ойтоған ауылдарында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысында ауылдық округ әкімдері есеп берді.

Округ әкімдерінің есептеріне ауылдық округте орналасқан мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары, әйелдер кеңесі, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Алғашқы комиссия отырысы Ойтоған ауылдық округінде өткізіліп, ауыл кіреберісіндегі Ілияс Жансүгіровтың ескерткішіне депутаттардың демеушілігімен 15 түп қарағай отырғызылды. Комиссия отырысының алдында ауылдық округтегі мешіт, жаңадан салынған учаскелік полиция ғимараты, ауылдық дәрігерлік амбулатория, мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы, ауылдық кітапхана және ауылдық округ әкімі ғимаратының жағдайымен таныстық.

Жаңадан салынған учаскелік полиция пункті ғимаратының жағдайымен танысу барысында құрылыс жұмыстарының төмен сапада жасалғаны байқалды.Осы жерде қадағалау жұмыстарына «Нұр Отан» партиясының бақылау комиссияларын және ҮЕҰ комиссияларын қатыстырмағаны көрініп тұр.

Ауылдық мешіттің құрылыс сапасы төмен екені және қатымхана салу үшін ауыл тұрғындары қаражат жинап жатқаны анықталды.

Сол сияқты ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты 1961 жылы салынған және 2014 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әлі де қосымша күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі қажет етіледі.

І.Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының жұмысымен танысу барысында мектептің алдындағы Ілияс Жансүгіровке қойылған ескерткіштің гипстан салынғаны, сырты кафельмен қапталғаны стандартқа сәйкес келмеуіне байланысты күрделі жөндеуден өткізу туралы мәселесі айтылды. Өздеріңізге белгілі келесі жылы Ілияс атамыздың 125 жылдығы республика деңгейінде өткізіледі.

Сондықтан құлагер ақынымызға қойылатын ескерткіш атына заты сай болу керек деп санаймыз. Осы тұрғыда ауыл әкімі тұрғындарымен, мектептен ұшқан түлектерімен бірлесіп уақытша жұмысшы топ құрып, ескерткішті қайта тұрғызу керек деген ұсынысымыз бар.

Сонымен қатар округ әкімі аппаратының ғимаратына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген және ішкі жағдайы қазіргі талаптарға сай келмейді. Осы ғимараттың ішінде орналасқан ауылдық кітапхананың жағдайы да сын көтермейді. Арнайы жиһаздармен, келушілерге арналған орындықтар, үстелдермен қамтамасыз етілмеген.

Кітапхананың материалдық техникалық базасын жақсарту бойынша аудандық кітапхана директоры Г.Әбдикероваға және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Елубаеваға назар аударулары қажет деп санаймыз.

Ақсу аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметі бойынша бизнестің жол картасы-2020 мемлекеттік бағдарламасының аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне гранттар беру бойынша Ойтоған ауылдық округі жұмыс атқармағаны және аудандық кәсіпкерлік бөліміне негізгі азық-түлік бағаларының мониторингін тұрақты түрде өткізбейтіні анықталды.

Ойтоған ауылдық округі бойынша ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 3 адам бруцеллезбен есепте тұрады.

Мал дәрігерлік саласы бойынша бруцеллез ауруы анықталған ірі қара саны2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 7 басқа көбейгені анықталды.

.Қаралатын мәселе бойынша комиссия отырысы ауылдық мәдениет үйінде өткізіліп, округ әкімі Тұрсыннұр Тұрысбекұлының есебі тыңдалды.Комиссия отырысы барысында ауыл тұрғыны Тұралықов Жексенбай жол үстіндегі 9 гектар жер мал жайылымына берілгенін айтып, осы мәселенің шешілуін сұрады.

Жайылым жер бойынша мәслихаттың 2018 жылғы 03 сәуірдегі № 27 сессиясында «Ақсу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітіліп берілген. Ендігі округ әкімдерінен аталған шешімнің орындалуын, мақсатты жүргізілуін сұраймыз.

Ойтоған ауылдық округінің әкімі Т.Білісбектің есебі назарға алынып, тиісті аумақта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қарамастан ауыл әкімі бұл бағытта ауылдың көркейту – абаттандыру жұмыстарды және ауылшаруашылығы жұмыстарының әсіресе агротехникалық талаптарға сай өркендете түсу қажеттігі атап көрсетілді.

Қызылағаш ауылдық округінде де комиссия отырысының алдында мекемелер мен кәсіпорындар жұмысымен таныса отырып, проблемалық мәселелер жайлы пікір алмасылды.

Комиссия мүшелері І.Жансүгіров атындағы орта мектеп жұмысымен танысу барысында мектеп ауласындағы жылу жүйелерінің құдығының беті жұқа қаңылтырмен жабылғаны және спортзалдың жылу жүйелері қыста қатып, қабырғалары құлап, едендері шіріп түскендігі байқалып тұрды. 2010 жылы апаттан бері 8 жыл өтті одан кейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Сол сияқты Қызылағаш ауылдық амбулаториясының жұмысымен таныстық. Амбулаториядағы емделушілердің жағдайымен, тегін берілетін дәрілер тізімі, ауруханада құрал жабдықтарының жағдайымен таныстық. Амбулатория ғимараты 1980 жылы салынған. 2010 жылы су апатынан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Амбулаторияның сыртқы көрнісін слайдтан көріп отырғандай, қабырғалары құлаған, ғимараттың ішінен су аққан осы кемшіліктерді жою үшін қолдан жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатыны көрініп тұр.

Қызылағаш ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында округ әкімі Амитова Сәулеш Мәжитқызы өзіне жүктелген жұмыстар бойынша есеп берді. Есеп беру барысында ауыл тұрғындары тарапынан көкейкесті мәселелер көтерілді.

Ауыл тұрғыны Ыдырысов Алғұмар жайлауға шығатын көпір жоқ екенін және каптажды қоршау керектігі туралы мәселе көтерді. Бұл мәселе бойынша ауыл әкімі тиісті мекемелерге ешқандай ұсыныс хат жолдамағаны туралы белгілі болды.

Бастысы өңірлерді даму бағдарламасын орындау мақсатында ауылдық округ әкімдеріне жергілікті өзін-өзі басқаруда өз аумағы шегінде салықтар мен алымдарды жинап, оны өздерінің есеп-шоттарына аудару және жергілікті қауымдастық жиынымен келісіп түскен қаражатты мақсатты пайдалану құқығы дұрыс пайдалануды қажет етеді.

Жалпы аудан әкімі әр жиналысында салық базасын көбейту туралы тапсырма береді. Тапсырманы орындау мақсатында округтер инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу туралы жоспар жасау керек. Негізі байқағанымыз өткен жылы да Қапал, Жаңалық ауылдық округтерінде де перспективалық жоспарлары болмаған. Жыл сайын жылдың аяғында мәслихат сессиясында ауданның даму бағдарламасы бекітіледі. Аталған бағдарламаны пайдаланып әр округ өздерінің перспективалық жоспарын бекітіп, жұмыс жасаса салық түсімі де көбейіп, ауданымыздың экономикасы ілгері басар еді.

Ол үшін округтер бойынша алдағы бірнеше жылға арналған перспективалық даму жоспарын құрып, атқарылар шаралар ауқымын анықтаулары тиіс.

Осы мәселені қарау жөнінде арнайы жасалған жадынама бойынша екі ауылдық округ әкімдері аппараттарының іс жүргізу құжаттарының жағдайымен танысу барысында барлық құжаттар істер номенклатурасына сәйкес жүргізіліп, ашылған.

Атап айтқанда Ойтоған ауылдық округінің ақпараттық-насихат тобының атқаратын жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары және тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Ойтоған ауылдық округі аппаратының 2018 жылға тілді насихаттайтын іс-шаралар жоспары бекітілген. Алайда, жоғарыда аталған іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстар туралы хаттамалар жасалмаған. Қызылағаш ауылдық округі бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған жоспары және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шаралар бекітілгенмен, атқарылған жұмыстары жайлы құжаттары болмады. Аталған кемшіліктерді дер кезінде жою тапсырылды..

Сонымен қатар ауданның келешектегі келелі мәселелерін, оның орындалу жолдары мен бірігіп жұмыс істеу аудандық мәслихаттың басты мақсаттары болады деп сендіремін.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.