Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Аудан әкімі есебінің тезисі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.08.2018
Оқылды: 201 Печать страницы
Ақсу ауданының әкімі Ә.Далбағаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөніндегі аудандық
мәслихат депутаттары алдындағы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша
ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ
 
Ауданымызда басты сала болып есептелетін ауыл шаруашылығында 2018 жылдың есепті мерзіміне өндірілген жалпы өнім көлемі – 5 млрд. 850 млн. 700 мың теңге, нақты өнім көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 104,9 пайызды құрады, оның ішінде: мал шаруашылығы өнімдері – 5 млрд.765 млн.800 мың теңгені құрап, 104,9 пайызға өскен, егін шаруашылығы өнімдері – 80 млн.100 мың теңгені құрап, нақты өнім көлемі 102,3 пайыз болды, қызмет үшін – 4,8 млн немесе 130 пайыз.
Осы жылға өндірілетін жалпы өнім көлемі 29 млрд. 928 млн. 400 мың теңгеге жоспарлануда.
59 мың 300 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдар себілді. Оның ішінде: 30 мың 500 гектар дәнді дақылдар, 2020 гектарға қант қызылшасы, 15247 гектар майлы дақылдар, 2226 гектар картоп, бақша өнімдері, 9300 гектар мал өнімдері.
Ауданда 2 ауылшаруашылығы коопперативін құру жоспарланса, 1-і етті бағытында,1-і сүтті бағытында құрылып жоспар орындалды.
 
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы өнімдері 2017 жылмен салыстырғанда ет 102,2 пайызға өсіп 4659 тоннаны құрады. Сүт 109,5 пайызға (15956 тонна), жұмыртқа 153,6 пайызға (1862 мың дана) өсті.
Ірі қара малы 2017 жылмен салыстырғанда 100 пайызға артып, 83 мың басты құрады. Қой-ешкі 394 мың 518 басқа жетіп, 100 пайызды құрады. Жылқы 23 мың 191 басқа жетіп, 100,2 пайызды құрады. Түйе 68 басты құрап, 100 пайызға артты. Шошқа 211 басқа жетіп, 104,5 пайызға өскен. Үй құстары 97 мың 975 басты құрап, 100,8 пайызға барды.
Барлығы 78 мың тонна шөп жиналды.
 
Ветеринария саласы
Бүгінгі таңда барлық округтерде жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикалық - диагностикалық ветеринариялық іс-шаралардың жоспары бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.
2018 жылға «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» жұмыстарына 193 млн 890 мың теңге бөлінген. Есепті мерзімге 118 млн.167 мың теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді, энзоотиялық ауруларға қарсы бөлінген 1 млн.899 теңгенің 438 мың теңгесі толығымен игерілді.
Аудан бойынша осы уақытқа серологиялық тексеруден өткен 62 мың 492 мүйізді ірі қара малының 136 басында бруцеллез ауруы анықталса, тексерілген 260 мың ұсақ мүйізді малдың ішінен 324 басында бруцеллез ауруы болған.
 
Жерді пайдалану
Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы арқылы, ауданның арнайы жер қорына өзі еркімен жер телімдерін өткізуіне және жер учаскелеріне қатысты меншік құқықтары тіркелмегендіктен каулылары жойылуына байланысты ауданның арнайы жер қорына барлығы 8672,5 гектар жер телімі қайтарылды.Оның ішінде: тәлімдік егістік – 4994,05, жәйілім – 3035, суармалы – 632,56, шабындық – 10,89 гектар.
Жер мәселесі бойынша түскен 278 өтініштер мен ұсыныстар жер комиссиясымен қаралып, 244 оң қорытынды, 118 аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды. 34 өтінішке жазбаша түсіндірме берілді.

Өнеркәсіп
2018 жылдың есепті мерзіміне өнеркәсіп саласында 2 млрд 570 млн.100 мың тенгенің өнімі өндірілді.
Ағымды жылы өнеркәсіп өнімі көлемін 5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда.
2018 жылы жоспар бойынша 2 кәсіпорын 8 жұмыс орнымен іске қосылуы жоспарланған. Осы уақытқа 1 жаңа нысан іске косылып, жоспар 50 пайызға орындалды.
Ол «Амирханов жеке кәсіпкер» мал азығын шығаратын цехын ашып, 3 адамды жұмыспен қамтыды. Инвестиция сомасы - 5 млн.тенге.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Ақсу қант» зауытын жүргізу мақсатында үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде зауытты қайта қалпына келтіру үшін инвестор ретінде «Энерго Мост» ЖШС мен «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы тартылды. Былтырғы жылмен қоса алғанда жандандыру толық 3 жылға жоспарланған. Бұл жұмысты іске асыру үшін жалпы 15 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалады деп жоспарлануда.
2017 жылы қант зауытына 6 млрд.240 млн.382 мың теңге инвестиция құйылудың арқасында, зауыт 10 жылдан кейін өзінің жұмысын қайта жүргізді. 500-ден астам адам жұмыспен қамтылып, қант қабылдау пунктіне 80 мың тонна қызылша қабылданды. Биылғы жылғы жоспар - 120 мың тонна.
2018 жылдан бастап кезен кезеңімен негізгі және қосымша өндірістердің модернизациясы жоспарға сәйкес іске асыруда. Қуаттылығы 5 мвт жаңа (ТЭЦ) жылу энергия орталығы салынады, заманауи жаңа жылу қазандықтар және турбогенератормен жабдықталады. Технологиялық процесстерді автоматтандыру мен қатар өнімнің сапасын арттыруды қамтитын іс-шаралар іске асырылады. Негізгі өндірістік құрал-жабдықтарды модернизациялау жұмыстарын атқаруға «ТИСЭР» украиналық компаниясы тартылды. Жоғарыда аталған жұмыстардың орындалуының арқасында алдымыздағы үш жылда қант қызылшасын қайта өңдеу қуаттылығын өндірістік маусымда 350 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіншілік туғызады.
 
Шағын кәсіпкерлік
Ауданда белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны - 2929, жұмыспен қамтылғандар саны – 8472 адам.
Өндірген өнімдерінің көлемі – 1 млрд. 712 млн. 300 мың теңге болып, бюджетке түскен салық, басқада төлемдер 262 млн. 100 мың теңгені құрады.
Ауданымызда балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Үшкөл» көлінде «Қалеков» шаруа қожалығы 2017 жылы 500 мың шабақтарын көлге жіберсе, осы жылы тағы да 200 мың дана шабақ қосты. Бүгінгі күнге 8 адам жұмыспен қамтылды.
Аудан тұрғындарына 337 шағын кәсіпкерлік нысандары қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы 5 сауда және қызмет көрсету нысандарын ашу жоспарланған, жыл басынан 3 нысан ашылды.
Бөлшек тауар айналымы 368 млн.700 мың теңгені құрап, былтырғы жылға қарағанда 112 пайызға өсті.
 
Инвестициялар
2018 жылдың инвестициялар жоспары - 4 млрд. 644 млн теңге. Бүгінгі күнге 2 млрд. 865 млн.200 мың теңге инвестициялар салынып, жоспар 61,7 пайызға орындалған. Оның ішінде 485 млн.теңге республикалық бюджет есебінен, 1 млрд. 84 млн. 100 мың теңге жергілікті бюджеттен, 538 млн.300 мың теңге өз қаражаты есебінен, 757 млн.800 мың теңге несиелік қаржы есебінен құйылған.
2017 жылмен салыстырғанда (2017 ж – 989 млн.800 мың теңге) 1 млрд.875 млн.400 мың теңгеге артық немесе 290 пайызға өсіп, нақты индекс көлемі 2,7 есе артты.

Құрылыс жұмыстары
Аудан бойынша жеке меншік есебінен салынған тұрғын үйлер көлемі 1381 ш.м. құрап, 2017 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 138,7 % көрсетіп отыр.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. 168 млн. 300 мың. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 135 пайызға артып отыр.
2017 жылы Тарас ауылындағы негізгі мектепті қайта жаңарту және жапсарлас дене шынықтыру залын салу құрылыс жұмыстарына 200 млн. теңге қаражат бөлінсе, осы жылы 239 млн. 401 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүруде.
Қаракөз ауылындағы жаңадан 120 орындық мектеп 25 орындық мектепке дейінгі шағын орталығымен салуға 655 млн. 888 мың теңге бөлінген. 2017 жылы 50 млн. теңге қаражат бөлініп игерілді, 2018 жылға 605 млн. 888 мың теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрақсу ауылындағы негізгі орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 103 млн. 802 мың теңге қаражат бөлінді, ағымды жылдың тамыз айында нысан пайдалануға беріледі.
Биылғы жылы Көкөзек және Кеңжыра ауылдарының мектеп ғимаратында орналасқан шағын орталықтарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 84 млн. 716 мың теңге бөлініп отыр.
Жансүгіров ауылындағы өртенген үй тұрғындарына арналған 14 жеке тұрғын үйлердің құрылысына жалпы 234 млн.400 мың теңге бөлініп, жапа шеккендерге пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етілді.
Жансүгіров ауылы Калилаханов көшесінің бойынан 10 арендалық және 20 жеке басты тұрғын үйлердің құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама даярлауға жалпы 14 млн. 218 мың теңге бөлінді.
Жансүгіров ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған 60 гектар жер теліміне инженерлік – коммуникациялық желілер құрылысы нысанына 2018 жылға 7 млн. 173 мың теңге және қосымша сараптама жұмыстарына 2 млн. 761 мың теңге бөлінді.
Биылғы жылы аудан орталығында 180 көрермен сыятын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталды. Жалпы құрылыс құны 754 млн. теңге құраса, биыл құрылыс жұмыстарын бастау үшін 300 млн.теңге бөлінген.
Аудан орталығындағы Е.Сиқымов атындағы орта мектеп интернатының жанынан салынатын 10 орындық монша нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2 млн.816 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жобасы жасалуда.
Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратын салуға жобалық сметалық құжаттама дайындау үшін 8 млн.131 мың теңге бөлінді.

Ауыз су
Бүгінгі күні аудан бойынша 49 ауылдың 38-і немесе 77,5 пайызы ауыз суының жүйелері орталықтандырылған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 81,6 пайызға жетіп, 40 елді-мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Қапал, Ақсу, Көкөзек, Қарашілік, Шолақөзек, ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына барлығы 836 млн. теңге бөлініп, шаралар атқарылуда.
Ойтоған ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструциялау және салу жұмыстарына облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге қаражат бөлінді. Конкурс құжаттары қаралуда.
Көшкентал ауылының ауыз су жүйесіне құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 201,1 млн.теңге бөлініп, қажетті жұмыстар атқарылуда.
 
Автомобиль жолдары
2018 жылы елді-мекендердің көше жолдарын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 232 млн.900 мың теңге бөлінді, оның ішінде Жансүгіров ауылының көше жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін 81,0 млн.теңге, ал 6 (Кеңжыра, Жаңалық, Есеболатов, Кенғарын, Сағабүйен, Сағабүйен) елді-мекен көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін 151 млн. 900 мың теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде.
Облыстық маңызы бар жолдар бойынша өткен жылы «Алматы-Өскемен-Қапал-Арасан шипажайы» жолында 48-77 шақырым аралығында (Қапал мен Арасан ауылдарының арасы) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле басталды, биылғы жылы осы жұмыстар толығымен аяқталады. Бұл жұмыстарды іске асыру үшін 2017-2018 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 570 млн. 192 мың теңге бөлінді.
Биыл Суықсай ауылындағы Бүйен өзеніндегі көпірді қайта салу және Суықсай мен Арасан ауылдарынын аралығындағы жолды орташа жөндеуден өткізу үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы арқылы жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға сұраныс жіберілді.
Құжаттары болмаған және облыстық жолдарының тізіміне еңбеген Қызылқайын, Тарас, ауылдарының кірме жолдарының 2017 жылы құжаттары әзірленіп, ауданның коммуналдық теңгеріміне алынды.
Балқаш көлінің туристік кластерді дамыту мақсатында, Алматы – Өскемен – Лепсі - Ақтоғай облыстық маңызы бар автомобиль жолының 0-35 шақырым аралығына реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 1 млрд.327 млн.300 мың теңге бөлінген. Жалпы бұл жұмысты жүргізу үш жылға жоспарланып, барлығы 27 млрд.836 млн. теңге қаралып отыр.
2018 жылы Алматы - Өскемен республикалық маңызы бар автомобиль жолында реконструкциялау жұмыстары басталып, бір-екі жылда бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ауданымыздың дамуына үлкен серпінің тигізетіні мәлім.

Салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдердің жоспарының орындалуы.
2018 жылдың 6 айына болжам 558 млн.783 мың теңге болса, ағымды жылдың І жарты жылдық қорытындысы бойынша нақты бюджетке түскені 690 млн. 600 мың.теңгені құрап, болжам 123,6 пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджетке 544 млн. 400 мың. теңге, республикалық бюджетке 146 млн. 200 мың теңге түсті.
Салық берешегі есепті мерзімге 16 млн.500 мың теңгені құрап отыр. Негізінен бұл ауылдық округтағы шаруа қожалықтарының және де басқа заңды тіркелген тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы және медициналық сақтандыру қорларына, әлеуметтік қамсыздандыру алымына, көлік салығына жиналған берешек сомасы.
 
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.
Аудан бюджетінің есепті мерзіміне қаралған шығындар көлемі – 3 млрд. 684 млн. 215 мың теңге. нақты жоспардың орындалуы – 3 млрд.676 млн.660 мың теңге болып, 99,8 пайызға орындалды.

Әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту
2018 жылыға кешенді жоспарға сәйкес 1766 адам жұмыспен қамтылу тиіс болса, 852 адам қамтылып, 48,2 пайызға орындалды.
Жаңа жұмыс орындарының ашылу жоспары – 670 болса, ашылғаны – 447, орындалуы 66,7 пайызды құрады.
Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша 2018 жылға 200 отбасының 1000 мүшесіне ақшалай көмек алуға бөлінген қаражат мөлшері - 20 млн. 634 мың теңге. Бүгінгі күнге 70 отбасының 377 мүшесіне 12 млн. 797 мың теңге тағайындалды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 38, жастар практикасына 33, ақылы қоғамдық жұмысқа 370 адам жіберілді.
 
Денсаулық сақтау
Биыл бұл салаға республикалық бюджеттен 1 млрд.134 млн.теңге қаралған.
Дәрігерлермен қамту деңгейі 10 мың адамға шаққанда 19,3 пайыз, жоғары санатты 73 дәрігер бар.
Алдын-ала жүргізілген профилактикалық шаралардың арқасында әлеуметтік маңызы бар аурулар саны былтырғы жылмен салыстырғанда азаюда. Атап айтсақ: туберкулезбен ауырғандар саны былтыр 13 адам болса, биыл 10 адам ауырған, вирусты гепатитпен 2017 жылы 3, осы жылы 1 ауру, бруцеллезбен өткен жылы 5 адам, осы жылы 3 адам ауруған.
Жыл басынан 366 бала туылып, ана өлімі тіркелмеген.
 
Білім беру
Білім саласына биыл 3 млрд.845 млн.теңге бөлініп, 1 млрд.883 млн.259 мың теңгесі игерілді.
«Балапан» бағдарламасы бойынша 8 балабақшада 1025 бала, 22 шағын орталықта 975 бала тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу деңгейі – 94,6 пайыз, жыл аяғына дейін 97,0 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ол үшін биыл Тарас негізгі орталау мектебінде, Б.Садырбайұлы, Қ.Терібаев, Абай атындағы орта мектептерінде, Көшкентал, Жаңатілеу және аудан орталығындағы «Арай» балабақшасында барлығы қосымша 176 орын ашылу көзделуде.
Аудан бойынша білім сапасы – 60,2 пайыз, оқушылардың үлгерімі – 100 пайыз.
ҰБТ-ң қорытындысы бойынша «Алтын белгіні» алған 14 түлектің 6-ы, ал «Үздік атестатты» алған 18 түлектің 3-і 100 баллдан жоғары білім көрсетті. Орташа балл – 69,4 болды.

Мәдениет және тілдерді дамыту саласы
Ауданда бюджеттен қаржыландырылатын 22 Мәдениет үйлері мен клубтар, 22 кітапхана, 2 музей бар. Онда 155 мәдениет қызметкері халыққа рухани-мәдени қызмет көрсетуде.
Бұл салаға жергілікті бюджеттен 131 млн.200 мың теңге бөлінді.
Аудан бойынша мәдениет үйлері мен клубтарының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 1853 мәдени шара өткізіліп, оларға 103 мың адам қатыстырылды.
Тұрғындарға ақылы мәдени қызмет көрсету бағыты бойынша осы уақытқа 911 мың 900 теңге кірістелді.
Ағымдағы жылы М. Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйіне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 20 млн. теңге қаражат бөлініп, жуық арада басталуы жоспарлануда.
 
Спорт саласы
Аудан бойынша 33 спорт залы, 79 алаңдар, «Батыр» күрес залы бар. Жансүгіров ауылындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінде спорттың 12 түрінен дәріс беріледі.
Спорт саласына 12 млн.700 мың теңге қарастырылған.
Елбасының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортпен қамтуды 30 пайызға дейін көтеру міндеті тұр.
Әр округке бөлінген спорт нұсқаушыларының жұмысын ұйымдастырып, барлық спорттық нысандарды тиімді пайдалана отырып, тұрғындар арасында дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын бүгінгі күннің талабына сай жүргізу, ұлттық спорт түрлерін дамыту кезек күттірмейтін мәселе.

Қылмыстылық
2018 жылдың 6 ай қортыңдысы бойынша жалпы қылмыстың төмендеуімен сипатталады, яғни 2017 жылы осы уақыт аралығында 280 қылмыс тіркелген болса, ал 2018 жылы 275 қылмыс тіркеліп, 1,8 пайызға кеміген. Жалпы ашылу көрсеткіші 2017 жылы 87.3, 2018 жылы 87.9 пайызды құрап отыр.
Ауыр қылмыс 5, адам өлтіру, аса ауыр қылмыстары 1, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 2 көрсеткішке азайған.
Сонымен қатар, мал ұрлығы қылмысы 2017 жылы 71 қылмыс тіркелсе, 2018 жылы 43 қылмыс тіркеліп, 28 қылмысқа кемігені байқалып отыр.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.