Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.10.2018
Оқылды: 238 Печать страницы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

2018 жылғы 12 қазан күні Матай орта мектебінің акт залында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққы арнаған Жолдауын талқылау туралы жиын өтті. Жиынға Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменов, мәслихат аппаратының бас маманы Д.Әлібекұлы, Матай ауылдық округінің әкімі Р.Мусагулов, Матай орта мектебінің ұжымы, Матай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және теміржол қызметкерлері, аурухана, балабақша қызметкерлері қатысыты.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы бірінші сөз Ақсу ауданы мәслихатының бас маманы Әлібекұлы Дарханға берілді.


І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ

Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.

Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз.

Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын.


II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы.

Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.

БІРІНШІ. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет.


III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы.


IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ

Жаңа кезең жағдайында мемлекеттік аппарат қалай өзгеруге тиіс?

БІРІНШІ. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру.


V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ

Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет.


VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ

Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.

Матай орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А. Дюсебаева:

-Мұғалімдердің мәртебесі туралы заң шығарылады, жалақысы өседі, үш аусымды мектеп болмайды т.б.Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын қолдаймыз.

Каусар балабақшасының тәрбиешісі К. Жұмайбекова:

-Балабақша ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын қолдаймыз.

Қорытынды сөз Ақсу ауданы мәслихатының хатшысы Сулейменов Бейбіт Жанылысұлына берілді.

Ақсу ауданы мәслихатының хатшысы Б.Сулейменов:

-Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы маңызы зор стратегиялық құжат.Биылғы жолдау барлық салалардың жұмысын жандандыру туралы болды. Мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысы артады, құқық қорғау саласында реформа жасалынады, білім, ғылым, денсаулық саласында бөлінетін қаржы ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін артады.

Біз Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын қолдаймыз.

Матай ауылдық округінің әкімі Р.Мұсағұлов Сүлейменов Бейбіт Жанылысұлына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап , түсіндіріп бергені үшін көпшілік атынан алғыс білдірді.

 

Жиналыс төрағасы Б. Сүлейменов
Жиналыс хатшысы Д.Әлібекұлы
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.