Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Қапал, Жаңалық ауылдық округтерінде алғашқы көшпелі комиссия отырысы өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.04.2017
Оқылды: 175 Печать страницы
Қапал, Жаңалық ауылдық округтерінде алғашқы көшпелі комиссия отырысы өтті

Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 10-47 шешімін орындау мақсатында Қапал, Жаңалық ауылдық округтерінде барлық салалар бойынша 2015-2016 жылдары аралағындағы ауылдық округтің әлеуметтік – экономикалық жағдайы және округ әкімдерінің өз құзыреттері шеңберінде жұмыстардың атқарылуы бойынша 2017 жылғы 18 сәуір күні Жаңалық ауылында, 19 сәуір күні Қапал ауылында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысында ауылдық округ әкімдері есеп берді.

Округ әкімдерінің есептеріне ауылдық округте орналасқан мекеме басшылары , ауылдық ақасақалдар, әйелдер кеңесі, жастар ұйымдарының өкілдері және аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Алғашқы комиссия отырысы Жаңатілеу ауылдық округінде өткізіліп, аудандық мәслихат депутаттары комиссия отырысының алдында ауылдық округ әкімі ғимаратының жағдайымен танысты.

Аппарат ғимараты 20 жылдан артық күрделі жөндеу жүргізілмеген және ішкі жағдайы қазіргі талаптарға сай келмейді. Осы ғимаратттың ішінде орналасқан ауылдық кітапхананың жағдайы да сын көтермейді. Арнайы жиһаздармен, келушілерге арналған орындықтар, үстелдермен қамтамасыз етілмеген.Жылу жүйесі жоқ.

Сол сияқты ауылдық мәдениет үйінің жағдайымен танысу барысында директор К.Мардамқұлова шатырдың жылу ұстау қабаты жұқа болуы және от жағатын пештің қуаттылығы аз болуына байланысты қыста ғимарат суық болады деп мәселе көтерді. Аталған мәселе бойынша округ әкімі тарапынан тиісті жұмыстар атқару қажеттілігі туындап отыр.

Ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысу барысында ғимарат бұрынғы совхоз директорының үйі болған және осы күнге дейін күрделі жөндеу өткізілмеген, сонымен қатар каркастан салынғанына байланысты қайта жөндеудің орнына жаңадан салуды талап ететініні анықталды. Ғимараттың шатыры ,ішкі қабырғалары отыруына байланысты терезелері сынуда.

Осы мәселе бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Балтабаевпен бірлесе отырып, облыстық денасулық сақтау басқармасына қосымша хаттар жолдау жоспарланып отыр.

Қаралатын мәселе бойынша комиссия отырысы Жаңатілеу орта мектебінде өткізіліп, округ әкімі Берік Асылбекұлының есебі тыңдалды. Комиссия отырысы барысында ауыл тұрғындарымен мына мәселелердің қаралуы сұралды.

Жаңалық ауылдық округінің әкімі Б.Мұсановтың есебі назарға алынып, тиісті аумақта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қарамастан ауыл әкімі бұл бағытта ауылдың көркейту – абаттандыру жұмыстарды және ауылшаруашылығы жұмыстарының әсіресе агротехникалық талаптарға сай өркендете түсу қажеттігі атап көрсетілді.

Жиында айтылған ұсыныс –пікірлер мен сын-ескертпелерді ескере келе ауыл әкіміне:

- аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен тығыз байланыс орната отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің есебін қайта жүргізіп, бұл саладағы көрсеткіштердің бірдей болуын қамтамасыз ету;

- ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ірілендіру жұмыстарын одан әрі жүргізу және округ аумағында пайдаланылмай жатқан жерлерді кері қайтару;

- агроқұрылымдардың дамуын қадағалау мақсатында нарықтық экономиканың талаптарына сай, жер мониторингі жұмыстарын қолға алып, жүргізу;

- ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін тұрақты комиссияға жұмыстарды зерделеу мен талдау барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша шаралар қолданып, оның қорытындысы туралы жазбаша мәлімет беру ұсынылды.

Қапал ауылдық округінде де комиссия отырысының алдында мекемелер мен кәсіпорындар жұмысымен таныса отырып, проблемалық мәселелер жайлы пікір алмасылды.

Комиссия мүшелері аудандық төтенше жағдай бөлімі Қапал бөлімшесі жұмысымен танысып, техникалық парктің жаңартылуы мен ғимараттың шатыры қайта жөндеуді қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар Жоңғар орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің жаңа тағайындалған директоры Мади Охановпен ауылдың ішін көгалдандыру мәселелері келісілді.

Сол сияқты АО ТАТЭК электр жүйелері Қапал бөлімшесі жұмысымен, , Қапал ауылдық ауруханасының жұмысымен таныстық. Ауруханада науқастар жағдайымен, тегін берілетін дәрілер тізімі, ауруханада құрал жабдықтарының жағдайымен таныстық.

Аурухана ғимараты 1985 жылы типтік проектімен салынған. Соңғы 32 жыл ішінде шатырдан басқа да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Сол сияқты 32 жыл ауыстырылмаған жылу жүйесі күрделі жөндеуді қажет етеді, авариялық жағдайда. Жылуды соляркамен және пеллетпен жанатын 2 қазандық қамтамасыз етіп отыр. Су құбырлары, кәріз құбырлары 32 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Есік-терезелер салынғаннан бері ауыстырылмаған, тозған, жылу сақтау сапасы төмендеген.

Автокөліктер паркі тозған. Теңгерімдегі 4- автокөліктің да аммортизациялық тозу мезгілінен өткен.

Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектеп жұмысымен танысу барысында мектеп ауласында тұрған ескі ғимаратты тез арада аукцион арқылы сатып , оның орнына спорт алаңын салу қажеттілігін шешу қажет.

Сол сияқты ауылдың ішіндегі тазалық мәселелері шешімін табуды қажет етеді. Бұзылған ғимараттардың орны тазаланбаған және бос көпқабатты үйлердің терезелерін бітеу жұмыстарын жүргізу қажет. Аул сыртындағы күл-қоқыс полигоны да қараусыз жатыр.

Ауылдың айналасын бей-берекет тасталған қоқыстардан тазалауға қыруар күш жұмсалады. Алайда, бұл жұмыстар әлі жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан , ішкі тәртіпті қадағалауы тиіс ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатаң қадағалауы болса, мұндай масқараны тоқтатуға әбден болар еді. Үнемі рейдтер жүргізілсе, қоршаған ортаны ластауға барынша үлесін қосып жүрген азаматтар сескенетін еді.

Қапал ауылдық мәдените үйінде Қапал ауылдық округінің әкімі Нұрқасым Кенжебайұлы Әміров өзіне жүктелген жұмыстар бойынша есеп берді. Есеп беру барысында ауыл тұрғындары тарапынан көкейкесті мәселелер көтерілді.

Ауыл тұрғыны Қабылқақ Дамысбек – мал мен немесе ауыл шаруашылығымен айналысуға не жайылым жер не егін егетін жер жоқ деп мәселе көтерді.

«Күреңбел» мен «Алтын дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жерді пайдаланбай отырса да қарапайым халыққа бермейді, сол жерлерді қайтарып алуға аудан басшылығынан көмек сұрады. Сол сияқты Асылбекова Гүлнар ауылдағы мал ұрлығы ауыздықтау жөнінде шағым айтты.Учаскелік полиция инспекторына хабарлап едім ешқандай нәтиже болмады деп өз ойын ортаға салды..

Қасбатыров Ақылбай ауыл тұрғыны – ауылдық ауруханаға дәрігерлер жетіспейді, әсіресе қыс кезінде қиын жолдар жабылып қалғанда қайда барарыңды білмейсің,және бір мәселе көп қабатты бұзылған үйлерді толығымен бұзу немесе жаңадан жаңғырту. Өздеріңізге белгілі қайғылы оқиға болды, енді тағы қашан болады екен деп отырамыз ба деп осының шешімін тездетіп тауып беруді сұрады.

Ақын Сара мұражайының меңгерушісі Алимбаева Айгүл Төлегенқызы – Ақын Сарай мұражайына акт залын салу туралы мәселе көтерсе,Ғ.Орманов атындағы орта мектеп мұғалімі Оспанова Арай Жансүгіров ауылындағыдай көп қабатты үйлерді қалпына келтіріп, жас мамандарға тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, ауылға жас мамандар келетін еді деп өз ойын ортаға салды.

Зейнеткер Алибаев Оқас Қайролдаұлы-көкейкесті мәселелер қойылып жатыр шынымен де ауруханаға хирург, терапевт, гинеколог дәрігерлері өте қажет. Және де аурухананың транспорттары ескірген, приборлары мен аппараттары заман талабына сай емес, осы жағдайларды ескерсеңіздер екен деді.

Қапал ауылдық округінің әкімі Н.Әміровтың есебі назарға алынып, тиісті аумақта көркейту – абаттандыру жұмыстарды және ауылшаруашылығы жұмыстарының әсіресе «Сыбаға»,«Құлан» бағдарламасы бойынша тапсырмалар орындалмай отыр.

Сонымен қатар терең сүдігер жырту бойынша тапсырма 50 гектар орындалмай отыр.

Жиында айтылған ұсыныс –пікірлер мен сын-ескертпелерді ескере келе ауыл әкіміне:

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің есебін қайта жүргізіп, бұл саладағы көрсеткіштердің бірдей болуын қамтамасыз ету;

- ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ірілендіру жұмыстарын одан әрі жүргізу және округ аумағында пайдаланылмай жатқан жерлерді кері қайтару бойынша іс-шараларды пәрменді жүргізуге ықпал ету тапсырылды.

Бастысы өңірлерді даму бағдарламасын орындау мақсатында ауылдық округ әкімдеріне жергілікті өзін-өзі басқаруда өз аумағы шегінде салықтар мен алымдарды жинап, оны өздерінің есеп-шоттарына аудару және жергілікті қауымдастық жиынымен келісіп түскен қаражатты мақсатты пайдалану құқығы дұрыс пайдалануды қажет етеді.

Салық түсудің бір көзі ретінде такси қызметі кең орын алып, дамып келеді, жолаушылар тасымалының біраз бөлігін қамтуда. «Таксистердің» біраз бөлігі өзінің диспетчерлік қызметтері бар ұйымдасқан түрде жұмыс істесе, біразы жеке өздері жолаушы тасып табыс табуда.
Алайда, олардың көпшілігі Қазақстан Республикасының салық заңнамаларын бұза отырып жолаушылар тасымалы қызметін атқаруда. Олар мемлекеттік кірістер органдарында есепке тұрмаған, тиісінше өздерінің тапқан кірістерінен ешқандай салық төлемейді..

Мысал үшін: тапқан 100 000 теңге кірістен төленетін салықтың көлемі – 2000 теңге, немесе 2 % құрайды..
Алдағы уақытта (2020 жылдан) басталатын еліміздің азаматтарының табыстары мен шығындарын жалпы декларациялау науқанын ескерсек барлық кәсіпкерлер өз табысын заңдастырғандары тиімді болады еді.

Сол сияқты тағы бір мысал « Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясын ауданда жүйелі түрде жүргізіліп тұрса. Қосымша салық түсімінің қорын қадағалау және басқа да міндетті төлемдерді, салық емес түсімдерді, тұрғындар арасында салық мәдениеті жоғарылауы үшін бағытталса және өзіміздің тұтынушы ретінде құқығымыз қорғалады.
Біздің ауданымыздың әр азаматына берілмеген чек есептелмеген табыс көзі, табыс бюджетінің бөлігін өтейді және көлеңкелі экономика айналымының деңгей жағдайына кері әсерін тигізеді.

Жаңалық ауылдық округінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында бюджеттен түскен трансферттерді қоспағанда 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдайда 5500 теңге, Қапал ауылында 10 мың 600 теңге қалдық бар.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда Жаңалық ауылдық округінің шотында 10 000 теңге, Қапал ауылында 0 теңге болды.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жақын уақытта қабылданады. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлт жоспарында аудан, ауыл және кенттерде жергілікті өзін өзі басқару органдарына дербес бюджет түзу қажеттігін тапсырған.

«Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4 - деңгейі ретінде енгізілетін болады»

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жергілікті қоғамдастық жиналысында талқыланғаннан кейін аудан мәслихаты бекітетін болады, ал жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін атқару ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі.

Осылайша, жергілікті қоғамдастықтың мүдделері ескеріле отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін тиісті тетіктер көзделген.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу қазіргі кезде жоқ «Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі» құру қажеттілігін де байқатады.

Ал осы тұрғыда аудан әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы» № 380 қаулысын орындау барысын пысықтау және қосымша нақтылау жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.