Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Қоғамдық қабылдау жүргізілді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.11.2018
Оқылды: 225 Печать страницы
Қоғамдық қабылдау жүргізілді

2018 жылғы қараша айының 13 күні сағат 10:00-де Ақсу аудандық орталық ауруханасының «Ақын Сара» бастауыш партия ұйымының кабинетінде, сағат 15:00-де «Ақын Сара» мәдени-жастар орталығында Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы, № 3 Амангелді сайлау округі бойынша депутаты Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдауда азаматтар жеке мәселелерімен қатар 7-20-25 бағдарламасының талаптары жайында, жемқорлыққа қарсы күрес туралы, жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы, ауданымызға газ құбыры қай жылдары тартылатыны жайлы, ауыларалық және ауыл ішінде қоғамдық көлік ұйымдастыру мәселесі туралы, дәрігерлер мен мейірбикелердің беделі туралы, Жансүгіров ауылында салынып жатқан спорт кешені қай уақытта қолданысқа берілетіні туралы, аудан орталығындағы дүкендердің айналасындағы қоқыстарға айыппұл салу жайында, жұмыссыздық мәселесі туралы және жер телімін алу жайлы мәселелер көтерілді. Барлық мәселелер қанағаттандырырлып, заңнамаға сәйкес жауаптары берілді.

Жеке қабылдау аяқталғаннан кейін Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы, № 3 Амангелді сайлау округі бойынша депутаты Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы аурухана жұмысымен және «Ақын Сара» мәдени-жастар орталығының жағдайымен танысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.