Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Аудан тарихындағы алғашқы еске алу митингі өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.03.2018
Оқылды: 390 Печать страницы
Аудан тарихындағы алғашқы еске алу митингі өтті

2018 жылдың 26 ақпанында Ақсу аудандық мәслихатының ұйымдастыруымен қазақтың классик ақыны, жыр дүлдүлі І.Жансүгіровтың 1937-1938 жылдардағы Кеңес үкіметінің солақай саясатының құрбаны болғанына 80 жыл толуына байланысты Жансүгіров ауылының орталық алаңында «Ақпанның азалы күні» атты еске алу митингі өтті. Митинг Молықбай образындағы күйшінің күй қобыздағы ойнаған күйімен, Ақсу халық театрының сахналық көрінісімен ашылды. Ақсу ауданының әкімі Далбағаев Әділбек Егеубекұлы, Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы баяндама оқыды. І.Жансүгіровтің шөбересі Шукейтова Оралхан Кәпбайқызы еске алу митингін үйымдастырғаны үшін Ақсу аудандық мәслихатына ризашылығын білдіріп, сөз сөйледі. Қ.Терібаев атындағы орта мектептің 9 – сынып оқушысы Әлжаппарқызы Венера І.Жансүгіровтің «Арыным» өлеңін және І.Жансүгіров орта мектібінің 9 – сынып оқушысы Тұрсын Дана «Құлагер» поэмасынан үзінді оқыды. Митинг соңында І.Жансүгіров атамыздың және Кеңес үкіметінің солақай саясатының құрбаны болған барлық азаматтардың рухына Құран бағыштап, жеті шелпек таратылды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.