Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Аудандық мәслихат депутаттарының үндеуі талқыланды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.03.2018
Оқылды: 319 Печать страницы
Аудандық мәслихат депутаттарының үндеуі талқыланды

2018 жылдың 06 ақпанында аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында қазақтың классик ақыны І.Жансүгіровтің 125 жылдығына орай аудан мектептерінде «Ілиястану» танымдық сабақтарын енгізу бойынша Ақсу аудандық мәслихаты депутаттарының үндеуін талқылау туралы жиын өтті.

Жиынға Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменов, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Рамазанов, Ақсу аудандық мәслихатының аппарат басшысы Н.Үсенов, бас мамандар В.Берікова, Д.Әлібекұлы және мектеп директорлары қатысты.

Күн тәртібінде «Қазақтың классик ақыны І.Жансүгіровтің 125 жылдығына орай аудан мектептерінде «Ілиястану» танымдық сабақтарын енгізу туралы Ақсу аудандық мәслихаты депутаттарының үндеуін талқылау» мәселесі қаралды.

Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменов өз сөзінде: - Армысыздар құрметті ақсулықтар! Бүгін біз киелі Ақсу жерінен шыққан құлагер ақынымыз І.Жансүгіровтің 125 жылдығына орай аудан мектептерінде «Ілиястану» танымдық сабақтарын енгізу бойынша Ақсу аудандық мәслихаты депутаттарының үндеуін талқылауға жиналып отырмыз.

Ұлы ақын мұрасын дәріптеу мақсатында 2017 жылдың 22 желтоқсанында Ақсу аудандық мәслихатының кезекті 23 сессиясында Ілияс Жансүгіров атындағы Же­тісу мемлекеттік университеті, Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби мұражайы және Ақсу ауданының әкімдігі арасында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және мәдениет саласындағы өзара шығармашылық ынтымақтастық дамыту үшін үшжақты меморандумға қол қойылды.

Осы мақсатта Ақсу ауданының барлық мектептерінде ақын Ілияс Жансүгіровтың өмірбаяны мен шығармашылығын нәсихаттайтын «Ілиястану» танымдық сабақтарын енгізу туралы Ақсу аудандық мәслихат депутаттары бастама көтеріп, үндеу хат жазды.

Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының үндеу хатымен таныстыру үшін ортаға «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Әлібекұлы Дархан шақырылып, Үндеу хат таныстырылды.

Жарыссөзге шыққан Жаңатілеу орта мектебінің директоры Б.Бейсебаев өз сөзінде: - Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының үндеу хатымен таныстық, өте орынды іс – шара деп есептеймін. Ақсу ауданы басқа аудандармен салыстырғанда шағын ғана, халқының саны аз. Біз Ақсу ауданынан шыққан азаматтарымызбенен, мақтанамыз. Абайдан кейінгі құлагер ақынымыз І.Жансүгіровты ерекше атап өтуге болады. Осындай киелі Ақсу жерінен шыққан ұлыларымызды дәріптемесек, атын шығармасақ, оларды балаларымызға насихаттамасақ, басқаларға танытпасақ, бізден басқа кім оны жасайды. Сондықтан бірінші кезекте осы Үндеуді қабылдаған аудандық мәслихат депутаттарына рахмет айтқым келеді,-деді.

Келесі сөз Қ.Мұқашев атындағы орта мектеп директоры К. Ерболаев: - Ақсу ауданының барлық мектептерінде ақын Ілияс Жансүгіровтың өмірбаяны мен шығармашылығын насихаттайтын «Ілиястану» танымдық сабақтарын енгізу туралы ұсынысты қолдаймын десе, Е.Сиқымов атындағы орта мектеп интернатының директоры Р.Ибраимова: -

Мен өз басым бұл бастаманы қолдаймын. Келер 2019 жылды Ілияс жылы деп жарияласақ деген ұсынысым бар,-деді.

Кеңжыра орта мектебінің директоры С.Қуатбекова: - Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының үндеуіне қосыламын. Ақиық ақынымызды келер ұрпаққа насихаттау, дәріптеу үшін бар күш-жігерімізді жұмылдырып, қолдауға шақырамын,-деді.

Қорытындылай келе аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Рамазанов: - Жерлесіміз Ілияс Жансүгіров шығармашылығының зерттеліп бітпеген дүниелері әлі де мол. «Ілиястану» танымдық сабақтары арқылы Ілияс әлемін зерттеуге, жас ұрпаққа насихаттауға тартудың маңызы зор деп білеміз.

Мектеп ұс­таздары басшы болып, шәкірттері қосшы бола білсе, ақын есімін ас­қақ­татқан жандар елдің мерейін әрқашанда өсіретініне мен сенімдімін десе, Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменов:

- Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, жерлесіміз І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойын жақсы жетістіктермен қарсы алып, мектептерде «Ілиястану» танымдық сабақтарын енгізіп, қолдау көрсетуге шақырамыз. Сонымен тың деректер білетін тарихшы аға ұрпақ, ақын-жазушылар мен зиялы қауымды Ілияс әлемін зерттеуге , нәсихаттауға шақырамын деп -деп өз сөзін аяқтады.

Ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.