Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аурухана қызметкерлерімен талқыланды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.04.2018
Оқылды: 181 Печать страницы
Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аурухана қызметкерлерімен талқыланды

2018 жылғы 03 сәуір күні Аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 05 наурызда жариялаған бес әлеуметтік бастамасын талқылау туралы Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменовтің аурухана қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуде Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы сөз сөйлеп, президенттің бес әлеуметтік бастамасы туралы өз пікірімен бөлісті.

Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сүлейменов:

Армысыздар құрметті жиналған қауым! Биылғы жылы 05 наурызда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дамуды бұдан ары жалғастыру үшін жаңа әлеуметтік бастамаларын ұсынды.

Назарбаев бірінші бастама ретінде қазақстандық әр отбасының баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажетін айтты. Оның сөзінше, бұл үшін үй алу кезінде азаматтарға берілетін несие пайызын 7 пайызға дейін, алдын ала төлемді 20 пайызға дейін азайтып, ал несиені өтеу мерзімін 25 жылға дейін ұзарту керек.

«Екіншіден, салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын жұмысшылардың табысын молайту үшін салық жүктемесін он есеге азайтып, 1 пайызға түсіру керек. Бұл бастаманы 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап іске асыруды ұсынамын»-деді президент.

Назарбаев бұған қоса үшінші бастама ретінде жоғары білімге қолжетімділікті арттыру және оның сапасын көтеру қажетін айтты. «2018-2019 жылдары әр жылға қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынамын. Колледждер мен университеттер 2022 жылға дейін жекеменшік-мемлекеттік серіктестік негізінде кемінде 25 мың орындық жатақхана салуы керек»-деді Қазақстан президенті.

Президенттің төртінші бастамасы шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы болды. Ол 2018 жылы жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру үшін қосымша 20 миллиард теңге бөлу керектігін айтты.

Біз өз кезегінде, осы қаражатты пайдалана отырып, шағын несие алуға ниет білдірген көптеген тұрғындарды қамти аламыз»-деді.

Елбасы ұсынған бесінші бағыт бойынша елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру жұмыстары бойынша биылғы жылы Талдықорған қаласы толықтай қосылатын газ құбыры желісін оңтүстік-шығыс бағытқа қарай жалғастырып, орталықтан шеткері жатқан Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына көгілдір отын жеткізу жұмыстары зерделенбек. Осылайша табиғи газ желісіне аймақтағы әр ауылдың қосылуына қол жеткізу таяу болашақтағы міндет болып қала бермек-деп өз сөзін аяқтады.

 

Жиналыс төрағасы

Б. Сүлейменов

Жиналыс хатшысы

Д.Әлібекұлы

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.