Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Жаңалықтар

Алматы облысы Ақсу аудандық Қоғамдық кеңесінің 2016-2017 жылдардағы атқарған жұмысы туралы

Санат: Кеңестің отырыстары
Уақыты: 05.11.2017
Оқылды: 217 Печать страницы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашада қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» № 383-V Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №1194 қаулысына сәйкес 2016 жылдың басында арнайы жұмысшы тобы құрылып аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру және құру мақсатында тиісті дайындық және ұйымдастырушылық жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде, аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы 51–ші сессиясында 21 мүшеден тұратын Ақсу ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді. Сол күні кеңестің бірінші отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі ұйымдастыру мәселелері бойынша 6 адамнан тұратын кеңестің Алқа мүшелері сайланды. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Серпербаев Серікбек, орынбасары болып Жұмагелдин Әшімғали және хатшысы болып Үсенов Нұрбол сайланды.

Сонымен бірге, «Аймақтарды дамытудың экономикалық және бюджеттік бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау, инвестициялық климатты дамыту», «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау, тұрғындарды жұмыспен қамту сұрағы, кәсіпкерлікті дамыту қызметі және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау» және «Мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттардың қызметінің ашықтығын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы, қоғамдық тәртіпті сақтау» мәселелер жөніндегі 3 комиссия құрылып, жетекшіліктеріне Т. Касымбекова, Р. Ибраимова және С. Қалибековтер сайланды. Осы отырыста аудандық Қоғамдық кеңестің Ережесі талқыланып бекітілді.

Қоғамдық Кеңестің отырыстары өзінің жұмыс жоспарларына сәйкес ай сайын өткізіліп отырылды. Отырыстарға ауыл округтері әкімдері, аудандық бөлімдер мен мекемелер басшылары және күн тәртібіндегі талқыланатын мәселелерге сәйкес қажет саналатын аудан белсенділері, тұрғындар өкілдері шақырылып қатыстырылады. 2016 жылдың 20 желтоқсанда ауыл әкімдері мен ауданның қоғамдық ұйымдары белсенділерінің қатысуымен «Жаңа құрылған аудандық Қоғамдық Кеңесінің өз заңдылық өкілеттіктерін, құқықтары мен міндеттерін іске асыру мақсатында ауданның жергілікті билік органдарымен, қоғамдық ұйымдарымен, ауыл белсенділерімен өзара тығыз байланыста жұмыс атқару бағыттары туралы» қоғамдық тыңдау өткізілді. Кеңес отырыстарында кең ауқымдағы мәселелер қаралады. Мәселен, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тұрғын үй субсидияларын бөлу, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылмаған жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары туралы және осы мәселелерге тектес азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне байланысты басқа да көптеген мәселелер қаралады.

Аудан әкімдігінің ресми сайтында аудандық қоғамдық кеңесінің жұмысымен кеңінен таныстыру мақсатында «Ақсу аудананың Қоғамдық кеңесі» атты бөлім ашылып, онда Қоғамдық кеңес мүшелерінің, президиум мүшелерінің тізімдері, нормативтік құқықтық актілердің жоба мәтіндері орналастырылған.

Қоғамдық Кеңес мүшелері аудан аумағында өтетін саяси-бұқаралық, насихаттық жұмыстарға белсене араласады. Аудан, ауылдар әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беруі және т.б. жиындарға қатысады. Кеңес жұмысы аудан газеті бетінде және аудандық мәслихаттың сайтында жарияланып тұрды . Облыстық «Жетісу» газетінде арнайы мақала берілді.

2016-2017 жылдары аудандық Қоғамдық кеңестің 20 отырысы өткізіліп, оларда барлығы41, оның ішінде 24 жоспарлы мәселелер талқыланды. 38 мәселе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер ретінде талқыланып мақұлданды (олардың тізбегі тіркеледі).

2016 жылы Аудандық Қоғамдық Кеңестің отырыстарында қаралған жоспарлы мәселелер: 14 наурызда "Ақсу ауданының әкімі Ә. Е. Далбағаевтың ауданның 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары және 2016 жылға арналған жоспар туралы есебі" тыңдалды.

  1. сәуірде «Ақсу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің жобасы қаралып, сараптамалық қорытындысы берілді.

«Ақсу ауданының 2015жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Рахметованың есебі тыңдалды.

18 мамырда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары туралы» аудан әкімінің орынбасары, аудандық жер комиссиясының төрағасы Қ. Тлемисовтің хабарламасы тыңдалып, осы жұмыстарды мейлінше жандандыру жөніндегі пікірлер мен ұсыныстар берілді.

24 маусымда «Ауданның елді мекендеріндегі тұрғындарды таза ауыз сумен қамту жайы туралы» мәселе бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Н.Кәкімбаевтің есебі тыңдалып, жан-жақты талқыланды.

19 шілде күні Қоғамдық кеңестің заңнамалық құзыреттеріне сәйкес аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Б. Лепесбаевтың есебі тыңдалды.

19 тамыз күні «Ауданның Ақсу, Егінсу және Қапал ауылдары әкімдерінің округтегі ауылшаруашылық жерлерін бүгінгі күн талаптарына сәйкес дұрыс және тиімді пайдалану бағытында атқарудағы жұмыстары туралы» мәселе бойынша аталған округтердің әкімдерінің және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ. Бекбатыровтың есептері тыңдалды.

  1. қыркүйекте «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарудағы жұмыстары туралы» бөлім басшысы Қ. Бекбаланов есеп берді.

27 қазанда «Аудандағы коммуналдық шаруашылық объектілер мен білім ошақтарының 2016-2017 жылғы жылыту маусымына дайындығы туралы» аудандық тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Н. Кәкімбаевтың хабарламасы тыңдалды.

20 желтоқсан күні Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті жобасы талқыланып мақұлданды. Ақсу ауданының Қоғамдық кеңесінің алғашқы жылғы жұмыс тәжірибесін саралау және қорытындылау туралы

2017 жылы Ақсу ауданының қоғамдық кеңесімен мына мәселелер қаралып, талқыланды.

2017 жылғы 16 қаңтарда «Ақсу ауданының әкімі Ә. Е. Далбағаевтың ауданның 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары және 2017 жылға арналған жоспарлары туралы есебі»тыңдалды.

2017 жылғы 27 ақпандағы отырыста «Ақсу ауданы әкімі аппаратында және Жансүгіров ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы А.Сабырбаевтың және Жансүгіров ауылдық округінің әкімі Б.Шариповтың есебі тыңдалып Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 10-44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын жария талқылау жүргізілді.

2017 жылғы 15 наурыздағы отырыста Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу аудандық мәслихатының қабылдаған кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешімінің жобасын жария талқылау өткізілді.

2017 жылғы 27 наурыздағы отырыста «Аудан елді мекендерін жарықтандыру, жарықтандыруға техникалық қызмет көрсету, көше жарықтарын жөндеу жұмыстарының жағдайы туралы «Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Кәкімбаевтың хабарламасы тыңдалып Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің жобасын жария талқылау жүргізілді.

2017 жылғы 24 сәуірдегі отырыста «Ақсу ауданының 2016 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуытуралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Рахметованың хабарламасы тыңдалды. 2017 жылғы 26 мамырдағы отырыста «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкесАқсу, Қапалполитехникалық колледжатқарылып жатқан жұмысы туралы» және қсу аудандық мәслихатының«А

2017 жыл 06 маусымдағы отырыста Ақсу аудандық мәслихатының « Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 10-44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін 2017-2020 жылдарға белгілеу туралы» шешімінің жобасы талқыланды.

2017 жыл 30 маусымдағы отырыста Ақсу аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің 2016-2017 жылдары бюджеттік бағдарламаларының, спортты дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы және

2017 жылғы 24 шілдедегі отырыста Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Лепесбаевтың атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

2017 жылғы 17 тамыздағы отырыста Ақсу аудандық мәслихатының « Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 10-44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы және Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы мен Кеңғарын ауылының шекарасын (шектерін) өзгерту және белгілеу туралы» шешімінің жобасы талқыланды.

2017 жылғы 28 тамыздағы отырыста Ақсу аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бюджеттік бағдарламаларды орындау барысы туралы есебі тыңдалды.

2017 жылғы 28 қыркүйектегі отырыстаАқсу аудандық мәслихатының «Ақсуаудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы қаралды.

2017 жылғы 31қазанда аудандағы ветеринария саласындағы қауіпсуздік мәселелері және оның жақсарту жұмыстары туралы есеп тыңдалды.

 

Ақсу аудандық Қоғамдық
кеңес төрағасы С.Серпербаев
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.