Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Нормативті-құқықтық база

Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 13.03.2018
Оқылды: 99 Печать страницы
Ақсу аудандық мәслихаты
аппаратының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесін
бекіту туралы
 
 

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 тіркелген) сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2017 жылғы 30 наурыздағы №13-61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4201 тіркелген, 2017 жылдың 26 мамырдағы және 21 шілдеде «Ақсу өңірі» газетінде жарияланған) шешімнің және Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 04 шілде «Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» №13-61 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2017 жылғы 21 шілде № 17-80 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4280 тіркелген, 2017 жылдың 04 тамыз «Ақсу өңірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Усенов Нурбол Қаметкаливчке жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 
 
 
Ақсу аудандық мәслихатының                        Ақсу аудандық
сессия төрағасы                                               мәслихатының  хатшысы
 
_______________                                                  _____________    

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.