Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Нормативті-құқықтық база

Ақсу ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 20.12.2018
Оқылды: 82 Печать страницы
Ақсу ауданының 2019-2021
жылдарға арналған бюджеті
туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 6758323 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 185007 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 7900 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 3900 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 6561516 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 1073123 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 547462 мың теңге;

субвенциялар 4940931 мың теңге;

2) шығындар 6758323 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 97599 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 113623 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 16024 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-)97599 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 97599 мың теңге.

2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2019 жылға арналған резерві 3393 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 295869 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ақсу ауылдық округіне 23670 мың теңге;

Есеболатов ауылдық округіне 65090 мың теңге;

Жансүгіров ауылдық округіне 20711 мың теңге;

Қапал ауылдық округіне 23670 мың теңге;

Қарашілік ауылдық округіне 121306 мың теңге;

Қызылағаш ауылдық округіне 26628 мың теңге;

Матай ауылдық округіне 14794 мың теңге.

4. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті өзін-өзі басқару органдарына осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 6487 мың теңге сомасында трансферттер көзделгені ескерілсін.

Ауылдық округтер әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

5. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы нысаналы транферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Ақсу ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

6. 2019 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-мәдениет саласы, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

8. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 
Ақсу аудандық мәслихатының                    Ақсу аудандық
сессия төрағасы                                          мәслихатының хатшысы
 
        _______________Г. Сейсебаев                       _____________ Б. Сүлейменов
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.