Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Бос лауазым

Вакансия

Санат: Конкурстар
Уақыты: 05.07.2017
Оқылды: 152 Печать страницы

«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, 040100, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5, анықтама телефоны/факс: 8(72832) 2-10-99, 2-13-21, факс 8(72832) 2-22-71 эл.адрес: aksu_maslihat@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша бала күтіміне байланысты 2020 жылдың 20 қаңтарына дейін) (Е-4 санаты, 1 бірлік, индекс №01-04 ).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 77453 тенгеден 104935 тенгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, комиссиялар құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті ұйымдар мен мекемелерден ақпараттар, анықтама - мағлұматтар алып, олармен комиссия отырыстарын қамтамасыз етіп отыру. Аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалауын тоқсандық және жылдық бойынша өткізуін қамтамасыз ету. «Е-қызмет» бағдарламасының және кадрлық құжаттардың дұрыс жүргізілуін, кадр есептерін беруді қамтамасыз етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми сайтына мәслихаттың қызметі, сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары және депутаттардың жұмыстары туралы хабарламалық құжаттар беруді ұйымдастырып, жариялануын қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихаттың жұмысы жөнінде көрнекіліктер (фотоальбомдар, видеослайд, стендтер) дайындайды. Мерекелі және атаулы күндерді өткізуге байланысты шараларды ұйымдастыру.

Мәслихат сессияларында, комиссиялар отырыстарында, семинар- кеңестерде құжаттарын қажетіне қарай стенографиялық сипатта хаттамаға дайындау. Депутаттарға методикалық – практикалық көмек көрсету, сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастырып, оларды аудандық мәслихаттың жұмысы туралы қажетті құжаттармен қамтамасыз етіп отыру. Мәслихат хатшысының және аппарат жетекшісінің тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік тілде және компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары педагогикалық, гуманитарлық, құқықтану.

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын)

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 040100, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5 қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ««Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 040100, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5 өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.