Навигация

Ақпарат

Опросы

Мәслихат жүмысын қалай бағалайсыз ?


Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Бос лауазым

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 15.01.2020
Оқылды: 65 Печать страницы

Ақсу аудандық мәслихатының аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

 

Индекс 040100, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан к-сі 5, телефон/факс: 8-(72832)-2-19-41, 2-10-30, e-mail: aksu_maslihat@mail.ru, БСН:030740004321

Құжаттарды қабылдау мерзімі: (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: [/b]

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

 

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5.

Әңгімелесу өтетін уақыты: Әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтетін болады.

Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: [/b]

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

1. 1. Ақсу аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 100 695 теңгеден 136 463 теңгеге дейін, (уақытша бос лауазым бала күтіміне байлансты 04.01.2023 жылға дейін) Е-4 санаты (№ 01-04), 1 бірлік [/b]

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары , құқықтық, экономикалық, білім, гуманитарлық ғылымдар.

Қызметтік міндеттері: Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, комиссиялар құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті ұйымдар мен мекемелерден ақпараттар, анықтама - мағлұматтар алып, олармен комиссия отырыстарын қамтамасыз етіп отыру. Бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми сайтына мәслихаттың қызметі, сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары және депутаттардың жұмыстары туралы хабарламалық құжаттар беруді ұйымдастыру. Аудандық мәслихаттың жұмысы жөнінде көрнекіліктер (фотоальбомдар, видеослайд, стендтер) дайындауды ұйымдастыру.Мерекелі және атаулы күндерді өткізуге байланысты шараларды ұйымдастыру. Мәслихат сессияларында, комиссиялар отырыстарында, семинар- кеңестерде құжаттарын қажетіне қарай стенографиялық сипатта хаттамаға дайындау.Мәслихат аппараты қызметкерлері мен аудандық мәслихат депутаттарының кадр мәселесі бойынша жұмыстарын жүргізу. Аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалауын тоқсандық және жылдық бойынша өткізуін қамтамасыз ету; Аудандық мәслихат хатшысының жеке құрам, негізгі және өндірістік өкімдерін шығару, «Е-қызмет» бағдарламасына күнделікті тіркеу. Біліктілік талаптарын және лауазымдық нұсқаулықтарын жасау және бекіттіру.Мәслихат хатшысының және аппарат жетекшісінің тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік тілді және компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.